Маман тұмаудың ең қауіпті белгілерін атады

9 Қараша 2022, 14:43
1623
Бөлісу:
Маман тұмаудың ең қауіпті белгілерін атады

Бұл туралы Астана медицина университеті АҚ Балалар жұқпалы аурулары кафедрасының меңгерушісі Динагүл Баешева айтты, деп жазады BAQ.KZ тілшісі.

Қазір ЖРВИ мен тұмаудың өршіп тұрған уақыты. Қазіргі таңда ересектердің арасында әрбір 10-шы адам жұқтырса, балалардың арасында әрбір 3-шісі ауырып жатыр. Бұл уақытта ата-аналар балаларының денсаулығына көңіл бөлуі тиіс. Аурудың 80 пайызы жеңіл түрде өтеді. Бірақ жеңіл түрде өткенімен, ата-аналар бірінші күннен-ақ балаларымен үйде қалғаны жөн. Үйден тыс жерлерге шықпағаны абзал. Өкінішке қарай, ата-аналардың көбі «жұмысқа барғанда жазылып кетеді» деп бейжай қарайды. Балаларын балабақшаға апарып, мектепке апарып жүргенде асқындырып алуы мүмкін, - деді спикер орталық коммуникациялар алаңында өткен баспасөз мәслихатында.

Баешева қандай жағдайда дәрігердің көмегіне жүгіну керек екенін атап өтті.

Инфекциялық ауруларда ең алдымен адамның қызуы көтеріледі. Одан кейін жөтел басталады. Егер баланың қызуы түспей, қажетті антибиотиктерді қабылдамаса, бұл қауіпті жағдай. Сондай-ақ балада құсу, бас айналу белгілері болса, бұл миға зақым келгенін білдіруі мүмкін. Мұндай кезде дәрігерге көрсетуіңіз керек. Және де баланың дауысы, яғни тембрі өзгерген жағдайда және қарлығу мен етігу пайда болса, бұл да қауіпті, - деді Динагүл Баешева. 

Өзгелердің жаңалығы