Маман көзге пайдалы дәрумендерді атады

4 Наурыз 2023, 18:23
1736
Бөлісу:
Маман көзге пайдалы дәрумендерді атады
Фото: Хабар 24

Диетолог Анастасия Ефимова "Прайм" агенттігіне көзге пайдалы дәрумендер мен тағамдарты атады, деп хабарлайды BAQ.KZ Massaget.kz-ке сілтеме жасап.

Диетологтың айтуынша, минералдар және A, C, E дәрумендері, мырыш, омега-3 көздің көру қабілетін жақсартады. Бірақ бұл қоректік заттарды қоспалардан емес, тағамнан алу маңызды.

А дәруменіне бай тағамдарға сәбіз, өрік, қауын, манго, болгар бұрышы, шпинат, картоп жатады. Сондай-ақ құрамында лютеин, зеаксантин бар тағамдарға назар аудару керек. Бұл брокколи және қырыққабаттың барлық түрлері, жүгері, жұмыртқа, нектарин, апельсин, шпинат, кәді, - деді дәрігер.

С витамині бар жемістер, картоп, брокколи, болгар бұрышы, шпинат, құлпынай, қызанақ, қырыққабат. Ал өсімдік майлары, жаңғақтар, жасыл жапырақты көкөністер және тұтас дәнді дақылдар Е витаминінің көзі.

Мырышты қызыл еттен, құс етінен, бұршақтардан, ноқаттан және жаңғақтардан алуға болады. Омега-3-тің көру қабілетін жақсартудағы маңызы ерекше. Ол зығыр мен зығыр майында, суық теңіз балықтарында кездеседі, - деді дәрігер.

Маман көз ауруларының алдын алу үшін осы қоректік заттардың қанша мөлшерін тұтыну керектігі туралы нақты ақпарат жоқ екенін атап өтті. Негізінен күнделікті жеміс пен көкөністерді жеу, тағамға әртүрлі майлар мен тұқымдарды, балықты қосу денсаулыққа айтарлықтай әсер етеді.

Өзгелердің жаңалығы