Малиде қаралы күн жарияланды. Соңғы бірнеше апта бойы лаңкестер әскери нысандарға шабуыл жасап жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Өткен жексенбіде бір ғана Гао аймағындағы шапқыншылық салдарынан 42 сарбаз құрбан болды. Сондай-ақ 5 полицей ажал құшты. Тағы 3 тәртіп сақшысы із-түзсіз жоғалып кеткен.
Содырлар дрон, зеңбірек және арнайы әскери техникамен жасақталған. Шабуылдарды "Әл-Каида" экстремистік ұйымына қарасты топ өз мойнына алған.
Оқи отырыңыз: