Малды шетелге экспорттауға арнайы квота енгізілді

5 Қаңтар 2023, 16:25
1148
Бөлісу:
Малды шетелге экспорттауға арнайы квота енгізілді

Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығына сәйкес, 2022 жылғы 31 желтоқсаннан бастап, Қазақстанда ауыл шаруашылығы жануарларын шетелге экспорттаудың жаңа ережелері күшіне енді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Соған сәйкес келесі сандық шектеулер енгізілді:

- Қазақстан аумағынан үшінші елдерге және Еуразиялық экономикалық одақ мемлекеттеріне 60 000 бас бұқашықты шығаруға;

- Қазақстан аумағынан үшінші елдерге және ЕАЭО мемлекеттеріне 120 000 бас қошқарды шығаруға рұқсат.

Бұйрыққа сәйкес квоталар тек 12 айдан асқан бұқалар мен 6 айдан асқан қошқарларға белгіленеді, сондай-ақ ұрғашы малға қолданылмайды.

ІҚМ бойынша бір бордақылау алаңына 500, бір тауар өндірушіге 200 бас, ал ұсақ мал бойынша бір бордақылау алаңына 1000, бір тауар өндірушіге 500 мал басына квота алуына рұқсат.

Бүгінгі таңда экспортқа бағытталған 602 бас ірі қара мал карантинге қойылды.

Өзгелердің жаңалығы