Малайзияда су тасқынынан бес адам қаза тапты

21 Желтоқсан 2022, 21:25
744
Бөлісу:
Малайзияда су тасқынынан бес адам қаза тапты

Малайзияның бірнеше ауданында қатты су тасқыны орын алып, бес штатта 56 мыңнан астам адам құтқарылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Синьхуа агенттігі таратқан мәліметтерге сәйкес, апат салдарынан 5 адам қаза тапқан. 

Барынша зардап шеккен аудандар аралдың шығыс жағалауында орналасқан. Осылайша, Келантан штатынан 17326 адам мен Тренгану штатынан 37792 адам апат кезінде көмек көрсетілетін орталықтарға эвакуацияланды, - делінген Bernama мемлекеттік ақпарат агенттігі таратқан хабарламада. 

Билік бес адамның қаза тапқанын растады. Оның ішінде 1,5 жастағы бала бар. Штаттардың бірнеше ауданындағы өзендердегі су деңгейі қауіпті белгіден асып кеткен. 

Ал Паханг, Джохор және Перак сынды өзге штаттарда жүздеген адам қауіпсіз жерге көшірілді. 

Өзгелердің жаңалығы