Малайзияда карантин талаптары күшейтілді

7 Мамыр 2021, 21:17
1623
Бөлісу:
Малайзияда карантин талаптары күшейтілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Малайзия билігі аймақтағы эпидемиологиялық ахуалдың ушығуына байланысты карантин талаптарын күшейте бастады, деп хабарлайды «Хабар 24». 

Оған сәйкес аймақтағы қоғамдық тамақтану орындары мен сауда орталықтарының жұмысына шектеу қойылды. Қоғамдық іс-шаралардың ұйымдастырылуына да рұқсат жоқ. Жаңа шектеу шаралары мамырдың 7-сінен бастап 20-сына дейін өз күшінде болады. Куала-Лумпур маңындағы 6 округте де халықтың себепсіз қозғалысы жіті қадағаланып, аймақтағы мектептер екі аптаға жабылды. 

Сәуір айының ортасынан бері елде күніне тіркелген науқастардың саны 2 мыңнан асқан. Мамырдың 4-інен бері бұл көрсеткіш 3 мыңнан асып отыр. 

Локдаунға етіміз үйренген секілді. Өткен карантиндерге қарағанда осы жолы жеңіл қабылдадық. Тіпті шектеудің алдында халықтың жаппай дүкен аралауы да байқалған жоқ. Тұрғындар карантинге әбден үйреніп алғанға ұқсайды, - дейді Куала-Лумпур тұрғыны Сюй Кайюнь.



Өзгелердің жаңалығы