Малайзияда ең алғаш Үндістанда тіркелген КВИ-дің бір түрі анықталды

3 Мамыр 2021, 16:31
1418
Бөлісу:
Малайзияда ең алғаш Үндістанда тіркелген КВИ-дің бір түрі анықталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Малайзияда ең алғаш Үндістанда анықталған коронавирустың бір түрі тіркелді. Дәрігерлер бұл вирусты Куала-Лумпур әуежайында тестілеу кезінде Үндістан азаматынан анықтады. 

Бұған дейін Малайзия билігі Үндістанмен көлік қатынасын толығымен тоқтатқан болатын.

Албания билігі Ресейдің «Спутник V» вакцинасын тіркеді, препараттың алғашқы партиясы елге жеткізілді. Албания Ресей вакцинасын қолдануға рұқсат етілген 64-ел болды.

Ал АҚШ президенті Джо Байден Үндістаннан АҚШ-қа кіруге шектеулер қойды. Соңғы екі аптада Үндістанда болған шетелдіктер 4 мамырдан бастап елге кіре алмайды.

Коронавирус инфекциясын жұқтыру жағдайларының саны бойынша Түркия әлемде 5-орынға шықты. Елде 4,87 миллионнан астам жағдай тіркелді.

Үндістанда коронавирустан қайтыс болғандардың тәуліктік өсімі бойынша жаңа антирекорд тіркелді - 3 689 жағдай.

Өзгелердің жаңалығы