Малайзия королі тақтан бас тартты

7 Қаңтар 2019, 11:22
1918
Бөлісу:
Малайзия королі тақтан бас тартты

Астана, baq.kz. Малайзияның жоғарғы билеушісі (королі) Мухаммад V тақтан бас тартты. Бұл жөнінде король сарайы ресми мәлімдеме жасаған болатын.

«Жоғары мәртебелі король белгіленген ережелерге сәйкес тақтан бас тартаныны жөнінде ресми хат жолдады», - деп жазылған хабарламада.

Cондай-ақ, ол оны король етіп сайлаған Билеушілер кеңесіне алғыс білдірді.

Оның тақтан бас тарту себебі жөнінде бір ауыз сөз айтылмаған. Мухаммад V 2016 жылдың сәуір айында жасырын дауыс беру барысында ел королі болып сайланды.

Бұған дейін БАҚ-та 49 жастағы V Мухаммад Ресей астанасында «Мәскеу аруы – 2015» сұлулық байқауының жеңімпазы Оксана Воеводинамен үйлену тойын атап өткені туралы ақпарат тараған болатын. Алайда, малайзиялық сарай тарапынан бұл ақпарат туралы ешқандай ресми мәлімдеме жасалған жоқ.

1957 жылы конституциялық монархияға айналған қазіргі Малайзияда король елдегі қарулы күштердің жоғарғы қолбасшысы болып саналады.

Өзгелердің жаңалығы