Мал шаруашылығын субсидиялауға 124,6 млрд теңге жұмсалады – АШМ

24 Мамыр 2022, 18:30
1371
Бөлісу:
Мал шаруашылығын субсидиялауға 124,6 млрд теңге жұмсалады – АШМ
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешенін дамытуға көңіл бөледі. Оның тапсырмасына сәйкес, отандық агроөнеркәсіптік кешеннің тұрақтылығын сақтау үшін биыл фермерлерге, оның ішінде мал шаруашылығы саласында айтарлықтай мемлекеттік қолдау шаралары көрсетілетін болады, деп хабарлады ауылшауашылық министрлігі.

Қазіргі уақытта Қазақстанда өндірілетін ауыл шаруашылығындағы жалпы өнімінің 45% мал шаруашылығына тиесілі. 2022 жылы мал шаруашылығын субсидиялауға шамамен 124,6 млрд теңге бағытталады. Бұл салада мемлекеттік қолдаумен субсидиялаудың 30-ға жуық бағыты көзделіп отыр. 

2021 жылы асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуға, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруға әкімдіктер 108,1 млрд теңге бағыттады, республикалық бюджеттен қосымша 13,6 млрд теңге бөлінді.

Осылайша, мал шаруашылығын дамытуға 121,7 млрд теңге бағытталды, оны 35 мың АӨК субъектілері алды, оның 70% астамы шағын және орта шаруашылықтар.

Субсидиялардың жалпы көлемінен 59,1 млрд. теңге асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуға, оның ішінде тауарлы және асыл тұқымды ІҚМ аналық басымен селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізуге – 17,2 млрд. теңге, отандық асыл тұқымды ірі қара мал сатып алуға – 15,9 млрд. теңге, шетелдік асыл тұқымды ірі қара мал сатып алуға – 8,8 млрд. теңге бағытталды. Сондай-ақ бұқашықтарды күтіп-бағуға - 1,8 млрд теңге, қойдың тауарлық және асыл тұқымды аналық басымен селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізуге -10,7 млрд теңге, асыл тұқымды қой сатып алуға – 2,3 млрд теңге, асыл тұқымды жылқылар мен түйелерді сатып алу – 61,7 млн теңге, ІҚМ мен қойларды қолдан ұрықтандыру қызметтері үшін – 430,9 млн теңге, шошқалардың аналық басымен селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізуге – 1,6 млрд теңге, бал ара ұяларымен селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізуге – 263,0 млн теңге.

Мал шаруашылығын субсидиялауға 124,6 млрд теңге жұмсалады – АШМ

Мал шаруашылығы өнімдері өндірісінің құнын арзандатуға 62,6 млрд теңге бағытталды. Оның ішінде сүт өндірісіне - 18,9 млрд теңге, құс етін өндіруге – 17,0 млрд теңге, бордақылау алаңдары мен ет комбинаттарына сатылған бұқашықтар – 4,9 млрд теңге, жұмыртқа өндірісіне – 3,9 млрд теңге, қымыз және шұбат өндірісіне – 534,3 млн теңге, бордақылау алаңдары мен ет комбинаттарына сатылған қошқарларға - 227,7 млн теңге, бордақылау алаңдарына және ет комбинаттарына сатылған қошқарларға - 227,7 млн теңге бөлінді, сонымен бірге ауыл шаруашылығы жануарларының аналық мал басына азық құнын арзандату – 17,6 млрд теңге. 

2022 жылы облыс әкімдіктері асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығы өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруды субсидиялауға 100,1 млрд теңге бөлді.

Сонымен қатар республикалық бюджет комиссиясының шешімімен мал шаруашылығын субсидиялауға 24,5 млрд теңге сомасында қосымша қаражат бөлу туралы тапсырыс мақұлданды.

Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуға субсидиялардың жалпы көлемінен 68,2 млрд теңге бағытталды. Мал шаруашылығы өнімдері өндірісінің құнын арзандатуға 56,4 млрд теңге бөлінді. Мемлекеттік қолдау шараларымен 35 мыңнан астам ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер қамтылатын болады.

 Айта кету керек, 2021 жылдың жазында ауыл шаруашылығы жануарларының аналық басын сақтау мақсатында жемшөп сатып алу құнын арзандатуға Үкімет резервінен Маңғыстау облысына 1,2 млрд теңге, Қызылорда облысына 1,7 млрд теңге бөлінген болатын. Қосымша Маңғыстау облысына Үкімет резервінен 663,8 млн теңге бөлінді.

Мал шаруашылығы саласын мемлекеттік қолдау шараларының арқасында 2021 жылы 2020 жылмен салыстырғанда агроқұрылымдарда ірі қара малдың саны 8,1% артып, 3 904,2 мың басты құрады:  қой 8,3%  көбейіп 9 187,1 мың басты, жылқы 14,9% -    1949,7 мың басты, түйе 8,8%  - 121,6 мың басты, шошқа 4,2%  - 341,1 мың басқа, құстар 13,7% 35,8 млн.басқа өсті.

Союға арналған салмақтағы ет өндірісі 9,4%   артып, 618,7 мың тоннаны, сүт өндірісі тиісінше 6,3%  - 1 799,8 мың тоннаны құрады. Бұл ретте тағамдық жұмыртқа өндірісі 6,2% - ға төмендеп, 3 562,5 млн.дананы құрағанын атап өткен жөн. 

Шетелдік селекцияның асыл тұқымды ІҚМ басын әкелу есебінен бүгінгі күні асыл тұқымды мал басының үлесі едәуір артып, жалпы ІҚМ басының 13% құрады.

Сондай-ақ мемлекеттік қолдау шаралары есебінен 53 инвестициялық жоба іске асырылды, оның ішінде 35 сүт-тауар фермасы, 7 құс фабрикасы бар. 

Ағымдағы жылы 62 жобаны іске қосу жоспарланып отыр.

Жалпы, биыл АӨК субсидиялаудың жалпы көлемі 449 млрд теңгені құрайды, бұл 2021 жылғы деңгейден 20% артық. Қаражат мал шаруашылығын, өсімдік шаруашылығын субсидиялауға, инвестициялық субсидиялауға және кредиттер мен лизинг бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялауға, ғылыми зерттеулерді қаржыландыруға, фитосанитариялық және ветеринариялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталатын болады.

Өзгелердің жаңалығы