Максим Самородовтың голы үздік атана ма

13 Қыркүйек 2023, 15:13
621
Бөлісу:
Максим Самородовтың голы үздік атана ма
Фото: ҚФФ

Еуропалық футбол қауымдастықтары Одағы (UEFA) 2024 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеу кезеңінің 6 туры бойынша үздік голға үміткерлер тізімін жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Үміткеркерлердің қатарында Қазақстан құрамасының шабуылшысы Максим Самородов бар. Оның Солтүстік Ирландия құрамасы қақпасына соққан голы тізімге ілінген. Максим 27-минутта Қазақстан құрамасына жеңіс голын сыйлаған еді. Сондай-ақ құраманың әлемдік рейтингте орны жаңарды. Ұлттық құрама 104-орыннан 101-орынға жайғасты.

Айта кетейік, бұл рейтингте Қазақстан 2016 жылы ең жоғары нәтижеге қол жеткізді. Ол кезде құрамамыз кестеде 86-орынға көтерілген еді.

Өзгелердің жаңалығы