Франция президенті Эммануэль Макрон Ұлыбританияның Еуропалық Одаққа қайта қосылу мүмкіндігін қолдайтынын мәлімдеді. Ол бұл қадам Ұлыбритания мен Еуропа үшін «өте жақсы жаңалық» болатынын айтты, деп хабарлайды Анадолы агенттігі.
Макрон бұл пікірін Испанияға мемлекеттік сапарының соңында премьер-министр Педро Санчеспен бірге өткен баспасөз мәслихатында білдірді. Ол Ұлыбритания премьер-министрі Энди Бернэмнің елдің ЕО-ға қайта қосылуын ықтимал нұсқалардың бірі ретінде қарастыратыны туралы мәлімдемесіне түсініктеме берді.
«Егер британдықтар қайтып оралғысы келсе және премьер-министр осы бағытта әрекет етсе, бұл оның елі үшін де, еуропалықтар үшін де өте жақсы жаңалық болар еді», – деді Макрон.
Франция президенті Ұлыбритания мен Еуропалық Одақ арасындағы қарым-қатынасты жақсартудың маңызын атап өтіп, қорғаныс, қауіпсіздік және көші-қон салаларында екіжақты ынтымақтастық жалғасып жатқанын айтты. Сонымен қатар ол ЕО-ның артықшылықтарын таңдап пайдаланудың мүмкін еместігін айтып, Ұлыбританияны «қайта оралуға» шақырды.
Бұған дейін Энди Бернэм Ұлыбританияның Brexit-тен кейінгі Еуропамен қарым-қатынасының барлық нұсқасын қарастыру қажет екенін, оның ішінде ЕО-ға қайта қосылу мүмкіндігі де бар екенін айтқан.