Қазақстанда Махатма Гандидің 150 жылдығы атап өтілді

2 Қазан 2020, 17:02
1653
Бөлісу:
Қазақстанда Махатма Гандидің 150 жылдығы атап өтілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Махатма Гандидің 150 жылдығын мерекелеудің жабылу салтанаты өтті. Бұл туралы Үндістанның Қазақстандағы елшілігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстанда Махатма Гандидің 150 жылдығы атап өтілді

Шара аясында Үндістанның Қазақстандағы елшілігінің Свами Вивекананда атындағы мәдени орталығы Гандидің «Менің өмірім» атты өмірбаянының жаңа нұсқасын қазақ тілінде шығарды. Бұл кітап Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасының алғысөзімен басталады.

Барша үнділік «Ұлт әкесі» деп қастерлейтін Махатма Гандидің 150 жылдығы бүкіл әлемде аталып өтті. Атаулы күн 2019 жылдың 2 қазанында басталып, 2020 жылдың 2 қазанына дейін тойланды. Өткен жылы 11 қарашада Қазпошта мерекелік шаралар аясында Махатма Гандидің ескерткіш маркасын шығарды, - деді елшілік.

Кітаптың тұсаукесері Үндістан елшілігінде өтті.

Қазақстанда Махатма Гандидің 150 жылдығы атап өтілді

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Тіл саясаты комитеті төрағасының орынбасары Айнұр Мырзабекова кітаптың тұсаукесер рәсіміне қатысты.

COVID-19 індетіне байланысты ахуалды ескере отырып, салтанатты шара Үндістан елшілігінің Facebook-тегі парақшасында тікелей эфирде өтті. 

Сонымен қатар Үндістанның Қазақстандағы елшілігінің жанындағы Свами Вивекананда атындағы мәдени орталығы сағат 16.30-да Тируванантапурам (Үндістан), Ганди атындағы ауылдық аймақтарды дамыту орталығының негізін қалаушы және директоры, доктор Джейкоб Пуликанның «Біздің уақыттағы Гандидің өзектілігі туралы» онлайн дәрісі ұйымдастырылады.

Өзгелердің жаңалығы