Махамбет ауданындағы эвакуация пункттері жұмыс істеп тұр

23 Мамыр 2024, 02:15
279
Бөлісу:
Махамбет ауданындағы эвакуация пункттері жұмыс істеп тұр
Фото: ТЖМ баспасөз қызметі

Бүгін Махамбет ауданы, Жалғансай ауылында түн ортасында тұрғызылған бөгет бұзылды. Дабыл қосылып, халық қауіпсіз аумаққа көшіріле бастады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Эвакуациялантын орын ретінде Д.Төленов және Е.Ағелеуов орта мектебі, Нұршуақ және Алтынай балабақшалары белгіленді.

Айта кетейік, жағдайды тұрақтандыру үшін аудан орталығынан қосымша күштер тартылды. Қазіргі уақытта қауіпті жою үшін 15 бірлік техника мен ҚМ жеке құрамының 50 сарбазы жұмылдырылды. Төтенше жағдай орнында облыс әкімі барды.

Жалғансай ауылы Махамбет ауылының аудан орталығынан 15 шақырым қашықтықта орналасқан. Жалғансай ауылының халқы - 1286 адам. Үйлердің саны - 237.

Өзгелердің жаңалығы