Мағзұм Мырзағалиев жаңа қызметке тағайындалды

14 Сәуір 2022, 11:00
1901
Бөлісу:
Мағзұм Мырзағалиев жаңа қызметке тағайындалды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша «Самұрық-Қазына» АҚ басқармасының шешімімен Мағзұм Мырзағалиев «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ басқарма төрағасы болып тағайындалды.

Бұл туралы «Самұрық-Қазына» АҚ Қоғаммен байланыс департаменті хабарлады.

Мағзұм Маратұлы Мырзағалиев 1978 жылы 7 қарашада туған. 1999 жылы «Тұран» университетін «халықаралық экономист» мамандығы бойынша, 2003 жылы Сыртқы істер министрлігінің Дипломатиялық академиясын «халықаралық экономист» мамандығы бойынша, сондай-ақ Ш. Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университетінің «мұнай-газ кен орындарын игеру» мамандығы бойынша бітірген. 

АҚШ-та және Малайзияда тағылымдамадан өткен.

2001 - 2004 жылдары Теңіз және Батыс Сібір кен орындарында MIDrillingFluidsInternational (Schlumberger) компаниясының бұрғылау ерітінділері бойынша инженері.

2004 - 2007 жылдары «MIDrillingFluidsInternational» компаниясының Ақтау қаласындағы филиалында бизнесті дамыту бойынша менеджер, өндіріс бойынша менеджер, филиал басшысы.

2007-2010 жылдары «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының «ТеңізСервис» ЖШС бас директоры.

2010-2012 жылдары – «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ-ның басқарушы директоры.

2012-2013 жылдары – «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ басқарма төрағасының инновациялық даму және сервистік жобалар жөніндегі орынбасары.

2013-2014 жылдары – Мұнай және газ вице-министрі.

2014-2019 жылдары –  Энергетика вице-министрі. 

2019-2021 жылдары –  Экология, геология және табиғи ресурстар министрі.

2021-2022 жылдары –  Энергетика министрі.

2022 жылғы қаңтардан бастап Президенттің кеңесшісі лауазымына тағайындалды.

 

Өзгелердің жаңалығы