«Мағауин және темір сойыл». Алматыда «Желтоқсан – Тәуелсіздік жаңғырығы» атты көрме ашылды

14 Желтоқсан 2023, 21:50
494
Бөлісу:
«Мағауин және темір сойыл». Алматыда «Желтоқсан – Тәуелсіздік жаңғырығы» атты көрме ашылды
Фото: baq.kz

Алматыдағы орталық музейде Тәуелсіздік күніне орай «Желтоқсан – Тәуелсіздік жаңғырығы» атты көрме ашылды. Музей қорында Желтоқсан оқиғасына қатысты 200-ге жуық жәдігер бар. Соның біразы көрмеге қойылды, деп хабарлайды BAQ.KZ zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Деректі материалдар, Желтоқсан оқиғасына қатысушылардың құжаттары, фотосуреттері және осы тарихи оқиға туралы жазылған кітаптар сол қаһарлы күндерден сыр шертеді. Экспонаттардың қатарында КСРО Халық әртісі Әзербайжан Мәмбетовтің көтеріліске қатысқанын дәлелдейтін қанға боялған киімдері де бар. Сонымен қатар Қайрат Рысқұлбековке қатысты құжаттар қойылған. Көрмеде желтоқсаншылар естеліктерімен бөлісті, деп жазды 24kz.

Еске сала кетейік, бейбіт шеруге қатысамыз деп келген 30 мыңнан астам адамның 8515-ін құқық қорғау органдары ұстаған.

15 одақтас республикалар ішінде қазақтар бірінші көтерілді, қазақ жастары бірінші көтерілді. Сол бәріне мұрындық болды. Кеңес Одағының бодауынан шығуға, егемендік алуға. Мұның қасіреті мен қайғысы бар. Бірақ бақыты егемендік алдық. Сол азаматтар тарихта қалды, - деді Желтоқсан оқиғасына қатысушы Талғат Тұрысбаев.

Көрмеге келушілер өз көздерімен Қайрат Рысқұлбековке қатысты құжаттар, ату жазасына кесу туралы үкімі, әкесінің жоғарғы сотқа жазған хаты, сондай-ақ Ербол Спатаевтың, Мырзақұл Әбдіқұлов, Бауыржан Шұғылов тағы басқа Желтоқсан қаһармандарының фотосуреттерін көре алды. Сондай-ақ Мұхтар Мағауин музейге тапсырған желтоқсан оқиғасына қатысушыларды жазалауға қолданған темір сойыл қойылды, - дейді Көрме және экспозицияларды ұйымдастыру бөлімінің жетекшісі Айгүл Мусина.

Өзгелердің жаңалығы