Маған үлкен жауапкершілік жүктелді – Бүркітбаев

22 Желтоқсан 2021, 12:28
1197
Бөлісу:
Маған үлкен жауапкершілік жүктелді – Бүркітбаев

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін өткен Үкімет отырысына Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушы Жандос Бүркітбаев алғаш рет ведомство атынан қатысты.  

Жиыннан соң Бүркітбаев ведомство басшысының міндетін атқаруына қатысты пікір білдірді. 

Мемлекеттік органдардың бірінші басшыларын тағайындау немесе жұмысынан босату бойынша шешімді елдің Үкіметі қабылдайды. Сәйкесінше, бұған қатысты пікір білдіруім қисынсыз. Мен мемлекеттік саяси қызметкер ретінде тапсырманы орындаймын, маған берілген құзырет шеңберінде міндетімді жүзеге асырамын, - деді министрдің міндетін атқарушы Үкіметтің кулуарында. 

Өз сөзінде мемлекеттік қызметте жұмыс істеу үлкен жауапкершілік жүктейтінін алға тартты.

Бұл бәрінен бұрын өзімнің, әріптестерімнің, бүкіл Қазақстан халқының алдында үлкен жауапкершілік деп білемін. Денсаулық сақтау министрлігінің негізгі рөлі – ел азаматтарының денсаулығын қорғау. Мен тағайындалмадым, міндетті орындаушымын. Жұмыс жоспарлы, жүйелі түрде жүріп жатыр, - деді Жандос Бүркітбаев.

Еске сала кетейік, 20 желтоқсаннан бері Жандос Бүркітбаев  экс-министр Алексей Цой қызметінен босатылған соң Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқаруда.

 

Өзгелердің жаңалығы