Мадридте «Қазақстан киносының күндері» өтіп жатыр

18 Қыркүйек 2022, 14:27
1355
Бөлісу:
Мадридте «Қазақстан киносының күндері» өтіп жатыр

15 қыркүйекте Мадридтің тарихи орталығында, «Көркем өнер орталығы» кинотеатрында Испаниядағы Қазақстан киносы күндерінің ашылуы өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығына сілтеме жасап.

Ашылу салтанатына Испанияның Сыртқы істер министрлігі, Испаниядағы Еуропалық Одақ және ынтымақтастық, дипломатиялық корпус, қазақстандық диаспора өкілдері, испандық кино әуесқойлары мен біздің кинематографистер қатысты.

«Көркем өнер орталығында» режиссер Ернар Нұрғалиевтің «Алға» және режиссер Фархад Шариповтың «Схема» фильмдерінің еуропалық тұсаукесері өтті. Шараға Фархад Шарипов пен «Алға» фильмінің продюсері Максим Акбаров қатысты. 

Дәстүрлі түрде кино күндерін өткізуге Қазақстан Республикасының Елшілігі көп көмектесті. Көрсетілім басталар алдында сөйлеген сөзінде Испания Корольдігіндегі Қазақстанның Елшісі Константин Жигалов іс-шара осы жылы атап өтілетін елдеріміз арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнағанына 30 жыл толуына орайластырылғанын айтты. 

Қазақстандық дипломат «Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театры мен Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптары оркестрінің гастрольдерін, қазіргі қазақ прозасы мен поэзиясының испан тіліндегі антологиясының таныстырылымын қоса алғанда, екі ел арасындағы жаңа оқиғаларға толы мәдени алмасудың жоғары деңгейін атап өтті. 

Сондай-ақ, «Қазақфильм» киностудиясы мен ҚР Елшілігі қолдауының арқасында 2016 жылдан бастап қазақстандық фильмдер Барселонадағы жыл сайынғы Азиялық кино фестивалінде тұрақты түрде көрсетіліп келеді, - деді К.Жигалов.

Атап өтсек, бұл күндері көптеген испандық басылымдар қазақстандық кинематографқа қатысты материалдарды жариялап жүр

Өзгелердің жаңалығы