Мадина Әбдина: бала кезден қылмыспен күресуді армандадым

5 Наурыз 2020, 19:06
3182
Бөлісу:
Мадина Әбдина: бала кезден қылмыспен күресуді армандадым
PHOTO
Фото: автордан

Солтүстік Қазақстан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Конвойлық қызмет – ер адамдарға тән жұмыс.

Бір сөзбен айтқанда бұл салада мінезі қатты, эмоцияға ерік бермейтін, қайратты адамдар ғана еңбек ете алады. Петропавл тұрғыны Мадина Әбдина үш жылдан бері конвойлық қызметте жүр. 24 жастағы полиция сержанты қызығынан гөрі қиындығы мол жұмысы жайында айтып берді.

ҚАЙСАР ҚЫЗДЫ СӘТСІЗДІК ЖАСЫТПАДЫ

Мадина 9 балалы отбасынан шыққан. Ол кішкентай кезінен бауырларының арасында қайсар, жігерлі мінезімен ерекшеленген. Мектепте сабақты жақсы оқуымен қатар, баскетбол, волейбол, теннис сынды спорт секцияларының барлығына үлгеретін оқушының арманы – ер жеткен соң қылмыспен күресу еді. 

DSC_3142.JPG

Сондықтан да, Мадина түрлі детективтік сериалдарды көріп өскенін айтады. 2012 жылы мектепті тәмамдаған түлекті "тәртіп сақшысы болсам" деген асқақ арман жетелеп, облыс орталығына әкеледі. Бойжеткен Петропавл қалалық құрылыс-экономикалық колледжіне түседі. 2015 жылы "Заңгерлік кеңес мамандығы бойынша диплом алып шығады. Мадина ІІМ-нің жоғары оқу орнына түсе алмағандығын айтады. Бұл сәтсіздік қайсар қызды жасытпай, керісінше қайраттандыра түсті.

Ол арманына қол жеткізу үшін тірек пункітінде полицияның ерікті көмекшісі, одан кейін Петропавл қалалық ішкі істер басқармасының кеңсесінде жұмыс істеген. Келесі жылдың күзінде СҚО ІІД-нің конвойлық қызметіндегі бос орынға байқау жарияланады. Мадина көп ойланбай құжат тапсырады.

IMG_20200304_165655.jpg

ЭМОЦИЯНЫ ҰМЫТУҒА ТУРА КЕЛЕДІ

Жас қыз аталған қызметтің қыр-сырын жетік білмейтін. Тек сериалдардан көрген оқиғалардан ғана аздап хабары бар еді. Мадина жаңа жұмысы өзін сонысымен де қызықтырғанын айтады. Күнде бір дағдыны меңгеруге тура келеді.

IMG_20200304_165552.jpg

Экранда конвой қызметінің мамандары қылмыскердің қашып кетпеуіне жол бермейтін көлеңке іспетті көрсетіледі. Шынайы өмірде мүлде басқаша екеніне көзім жетті. Күн сайын қоян-қолтық ұрыс жаттығуларын жасауға тура келеді. Мықты физикалық дайындық керек. Негізгі міндет – күдіктіні уақытша ұстау изоляторынан сот залына жекізу. Ең қиыны – психологиялық салмақ, - дейді Мадина.

Өйткені эмоциялардың барлығын ұмытуға тура келеді. Сөйлесуге қатаң тыйым салынады.

Бұл оңай емес. Сотталушылардың екіжүзділігін көре тұра, эмоцияңды жасырасың. Көз жасын көл қылып, жапа шегушілерден кешірім сұрап тұрған қылмыскер сот залынан шыға сала, қалжыңдап күледі. Кейді өзіне-өзі қол жұмсайтынын айтып қорқытпақ болады. Бұның барлығы қылмыскердің құйтырқы қойылымы екенін білесің. Алайда тек белгіленген тәртіп бойынша ғана әрекет ету керек, - дейді полиция сержанты.
DSC_3154.JPG

ӘР ҚАДАМ ЕРЕЖЕ БОЙЫНША ЖАСАЛАДЫ

Қатаң нұсқаулықтар онжылдық тәжірибе нәтижесінде қалыптасқан. Конвойлық взводтағы әр қадам ереже бойынша жасалады. Оған шыдау оңай емес, сондықтан да конвойлық қызмет ер адамдарға тән жұмыс саналады. Дегенмен, жігіттер қыздардың көмегінсіз жүзеге асыра алмайтын жұмыс бар. Мәселен, әйел сотталушыларды қыздар ғана тінтіп, алып жүре алады. Взводтың жеке құрамында 30 әйел бар. Олар тапаншадан оқ атып, өздері алып жүретін сотталушыны кез келген жағдайда тырп еткізбей ұстай білуі шарт.

Полиция сержанты Мадина Әбішева өзіне жүктелген міндетті мінсіз атқарады. Ол жауапкершілікпен ғана емес, бастамашылдығымен де ерекшеленеді. Мадина сотталушылардың ісімен танысып, қылмыскерлерді тани біледі. Олардың қандай құйтырқы әрекет жасауы мүмкіндігін болжай алады. Аға буын өкілдерінен ақыл-кеңес сұрап, қызметтің қыр-сырын жіті меңгеруге тырысады, - дейді взвод командирі полиция полковнигі Серік Молдабаев.

Ең бастысы Мадина өз жұмысын жақсы көреді. Үздіксіз жаттығу, тирдағы "атыс", сотталушылардың құйтырқы әрекеттеріне төтеп беруге үнемі дайын болу – полиция сержанты өзін-өзі жетілдіруге уақытының басым бөлігін сарп етеді.

Тәртіп сақшысы отбасы мен үйдегі жайлы әрі тыныш атмосфераны жоғары бағалайды. Сондықтан сирек болатын бос уақытын туған-туыстарына және кітап оқуға арнайды. Мадина таңертең жұмысқа асығып, кешке үйге қуана оралатын жандардың бірі.

IMG_20200304_165815.jpg

Мен спортты жақсы көремін. Кейде жаныма командалық ойындар жетіспей тұрады. Бұған дейін Полиция департаментінің әйелдер құрамасында футбол ойнадым. Топтық ойындар ұнайды себебі. Онда физикалық дайындық қана емес, психология да маңызды. Командаластарын түсініп, қарсыластарының ойын сезіне білгендер ғана жеңеді. Сондай шаралар көп болса, - дейді Мадина.

Бүгінгі күні взвод ұжымында 5 қыз жұмыс істеп жүр. Үшеуі тұрақты қызметкер болса, екеуі тағлымдамадан өтуде. Мадина көктемнің ең шуақты мейрамы – Халықаралық әйелдер күні қарсаңында әлемнің барлық аруларына еңбекте табыс, отбасында береке мен өмірінің әр сәті қуанышқа толы болуын тіледі.

Өзгелердің жаңалығы