ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі тағайындалды

6 Мамыр 2020, 16:49
1686
Бөлісу:
ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі тағайындалды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сәкен Мұсайбеков ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі лауазымына тағайындалды. Бұл туралы ҚР Премьер-министрінің баспасөз қызметі хабарлады.

ҚР Үкіметінің Қаулысымен Сәкен Жүнісбекұлы Мұсайбеков ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі лауазымына тағайындалды.

Сәкен Мұсайбеков 1967 жылы Солтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. Ол Қазақ политехникалық институтын, Қазақ мемлекеттік басқару академиясын тәмамдаған. Еңбек жолын 1991 жылы "Алма" Алматы салааралық іскерлік қатынастар интерассоциациясының маркетинг бойынша жетекші маманы болып бастайды. 

1995-1996 жылдары - ҚР Министрлер Кабинеті жанындағы Шетел капиталын пайдалану комитетінің Сыртқы көмекті үйлестіру басқармасының жан-жақты көмек секторының жетекші маманы, бас маманы болса, 1996-2000 жылдары ҚР Парламенті Мәжілісі төрағасының көмекшісі болған.

Түрлі жылдары мемлекеттік кірістер министрінің кеңесшісі, Қаржы министрлігінің Әкімшілік департаментінің директоры, «Қазақавтожол» РМК бас директорының орынбасары, Қаржы министрлігі аппаратының жетекшісі қызметтерін атқарған.

2004-2005 жылдары - ҚР көлік және комуникациялар вице-министрі, 2008-2012 жылдары - "Қазына" тұрақты даму қоры" АҚ басқарушы директоры, "Самұрық-Қазына" АҚ аппаратының басшысы болып қызмет еткен.

2012-2015 жылдары - Спорттық жекпе-жек және күш қолданылатын спорт түрлері конфедерациясының бас директоры, ал, 2015 жылдан 2019 жылға дейін ҚР мәдениет және спорт вице-министрі болып қызмет атқарды. 

2019 жылғы ақпаннан бүгінге дейін ҚР Ұлттық олимпиада комитетінің бас хатшысы лауазымында болған.

Өзгелердің жаңалығы