Мәдениет және ақпарат министрлігінің міндеттері қандай болады

4 Қыркүйек 2023, 11:45
2991
Бөлісу:
Мәдениет және ақпарат министрлігінің міндеттері қандай болады
Фото: BAQ.KZ - архив

Министрлікті қайта құруды көздейтін «Мәдениет және ақпарат министрлігінің кейбір мәселелері туралы» үкіметтің қаулысы дайындалды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Атап айтқанда, Ақпарат және әлеуметтік даму министрлігінен қайта құрылған Мәдениет және ақпарат министрлігі туралы ереже әзірленді.

Мәдениет және ақпарат министрлігі мәдениет, тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану, кинематография, мемлекеттік рәміздер, архив ісі және басқаруды құжаттамалық қамтамасыз ету, электрондық құжат айналымы және электрондық архивтер, ономастика, креативті индустриялар және шығармашылық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру, ақпарат, мемлекет пен азаматтық қоғамның өзара іс-қимылы, діни қызмет, мемлекеттік жастар және отбасы саясаты, қоғамдық сананы жаңғырту, қайырымдылық, волонтерлік қызмет, медиация, ішкі саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету, конфессияаралық және этносаралық келісім, ақпаратқа қол жеткізу салаларындағы басшылықты, сондай-ақ заңнамада көзделген шектерде салааралық үйлестіруді және мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган.

Министрліктің мынадай ведомстволары бар:

  1. «Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Азаматтық қоғам істері комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі;
  2. «Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі;
  3. «Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Архив, құжаттама және кітап ісі комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі;
  4. «Қазақстан Республикасы Қоғамдық даму министрлігінің Дін істері комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі;
  5. «Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Жастар және отбасы істері комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі;
  6. «Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Мәдениет комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі;
  7. «Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Этносаралық қатынастарды дамыту комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі.

Міндеттері:

мынадай салаларда мемлекеттік саясатты қалыптастыру:

  1. мәдениет, сондай-ақ халықаралық мәдени байланыстар;
  2. тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану;
  3. кинематография;
  4. мемлекеттік рәміздер;
  5. архив ісі және басқаруды құжаттамалық қамтамасыз ету;
  6. электрондық құжат айналымы мен электрондық архивтер, оның ішінде таратылуы шектелген қызметтік ақпарат және онымен жұмыс істеу;
  7. ономастика;
  8. креативті индустриялар және шығармашылық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру;
  9. ақпарат;
  10. ақпаратқа қол жеткізу;
  11. балаларды олардың денсаулығына және дамуына зиян келтіретін ақпараттан қорғау;
  12. телерадио хабарларын тарату;
  13. бұқаралық ақпарат құралдары;
  14. діни қызмет;
  15. мемлекеттік жастар және отбасы саясаты;
  16. қоғамдық сананы жаңғырту;
  17. қайырымдылық;
  18. волонтерлік қызмет;
  19. медиация;
  20. ішкі саяси тұрақтылықты, конфессияаралық және этносаралық келісімді қамтамасыз ету;
  21. мемлекеттің, азаматтық қоғамның және қоғамдық кеңестердің өзара іс-қимылы;
  22. өз құзыреті шегінде Министрлікке жүктелген өзге де міндеттерді жүзеге асыру.

Министрліктің және оның ведомстволарының қарамағында:

«Qazcontent» акционерлік қоғамы

«Хабар» агенттігі» акционерлік қоғамы

«Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» акционерлік қоғамы

«Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясы» акционерлік қоғамы;

«Қазақ әуендері» акционерлік қоғамы;

«Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театры» коммерциялық емес акционерлік қоғамы

«Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы;

«Қазақстандық қоғамдық даму институты» коммерциялық емес акционерлік қоғамы

Құжат 18 қыркүйекке дейін қоғамдық талқылау үшін Ашық НҚА сайтында орналастырылған.

Өзгелердің жаңалығы