Мәдениет министрлігі Түркияға баратын туристерге қатысты мәлімдеме жасады

8 Ақпан 2023, 16:25
1030
Бөлісу:
Мәдениет министрлігі Түркияға баратын туристерге қатысты мәлімдеме жасады

Мәдениет және спорт министрлігі Түркияға баратын туристерге қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Түркияға жолдама сатып алған қазақстандық туристерден осы уақытқа дейін Мәдениет және спорт министрлігі жанындағы Туризм комитетіне туристік жолдамалардың күшін жою немесе қайта брондау туралы өтініштер түскен жоқ, - деді Мәдениет және спорт министрлігінің ресми өкілі Мөлдір Абдуалиева.

Туристік жолдамадан бас тартқысы келетін азаматтар туроператорларға жүгіне алады, олар ілеспе комиссияларды ескере отырып және қызметтер шарттарында көрсетілген шығындарды шегеріп, қайта есеп айырысуы керек.

Сонымен қатар туроператорлар демалыс күндерін, бағытын, баратын елді ауыстыру және т.б. баламалы опцияларды ұсына алады. 

Бүгінгі таңда Түркияның демалыс орындарында 254 қазақстандық турист бар. 

Өзгелердің жаңалығы