Мәдениет қызметкерлері мұқтаж жандарға көмектесуде

3 Мамыр 2021, 09:44
2528
Бөлісу:
Мәдениет қызметкерлері мұқтаж жандарға көмектесуде
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Астана Опера» ұжымы ҚР Мәдениет және спорт министрлігі және Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігімен бірлесе белсенді түрде қайырымдылық жобалары мен акцияларын өткізуде. 

Театр еріктілері тұрмысы төмен отбасыларға, мүгедек балаларға, балалар үйінің тәрбиеленушілеріне, жануарларға арналған паналарға тұрақты көмектесуде.

Жыл сайын «Астана Опера» театры Үлкен және Камералық залдарында ондаған қайырымдылық концерттерін өткізеді. Алайда іс мұнымен біткен жоқ: «Астана Опера» еріктілер тобы тұрмысы төмен бірқатар отбасын, мүгедектерді, мүмкіндігі шектеулі адамдарды өз қамқорлығына алды. Театр қызметкерлері қарттар мен көмекке зәру жалғысбасты аналарға көмектесіп, балалар үйлеріне арналған қайырымдылық шараларын ұйымдастырады.

Мәдениет қызметкерлері мұқтаж жандарға көмектесуде

Жақыныңа теңіз тамшысындай болсын жақсылық жасағанға не жетсін. Өмірдің қиыншылықтарына ұшыраған адамдардың риясыз күлімсірегенін көру – нағыз бақыт. Мақсатымыз – осынау қиын уақытта қала тұрғындарына, оның ішінде ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға қолдау көрсетіп, барынша көмектесу. Біз Мәдениет және спорт министрлігі мен Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі басымдық берген бағытта жұмыс істеудеміз, - деді театрдың еріктілер қозғалысының көшбасшысы, «Астана Опера» директорының орынбасары Айжан Құрманғалиева.

Ерікті қызметкерлердің айтуынша, адамдар көбінесе медициналық препараттар алу туралы нақты өтініштерімен жүгінеді.

Өткен айда театр ұжымы «Ковчег» атты жануарларға арналған пана мен «СтопОтлов» волонтерлік қозғалысы үшін қайырымдылық науқанын ұйымдастырды.

Мәдениет қызметкерлері мұқтаж жандарға көмектесуде

Адамдардың панасыз қалған жануарларға деген мейірімі мен қайырымдылығы құрметке лайық. Паналарға келген кезде қала тұрғындары мен көптеген ұйымдардың жануарларға жасап жатқан шынайы әрі риясыз көмегін байқаймыз, осындай қамқорлық – өркениетті қоғамның өлшемі. Сондықтан барлық тұрғындарға үндеу жолдап, көмекке зәру жандарға бей-жай қалмауға шақырамыз, - деп сөзін жалғастырды Айжан Құрманғалиева.

Мәдениет қызметкерлері мұқтаж жандарға көмектесуде

Балалар үйінің тәрбиеленушілеріне арнап театр ұйымдастыратын қайырымдылық жобаларға әртістер қуана-қуана қатысады. Осы жылдың басынан бері «Астана Операға» өмірлік қиын жағдайға тап болған Балаларды қолдау орталығының балалары, сондай-ақ «SOS Астана балалар ауылының» жас көрермендері келді.

Асқақ өнердің кішкентай көрермендеріне әрдайым моральдық-эстетикалық тәрбие мен музыкалық классикаға деген қызығушылық пен сүйіспеншілікке бағытталған тартымды бағдармалар ұсынылады, - деп атап өтті әдеби-музыкалық жұмыс департаментінің директоры Маржан Жәкенова.

Мәдениет қызметкерлері мұқтаж жандарға көмектесуде

Бұдан бөлек, «Астана Опера» театры ҚР Мәдениет және спорт министрлігі және Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігімен бірлесіп, осынау қиын уақытта, пандемия жағдайында қазақстандықтардың өмірі үшін күресіп жүрген елордалық дәрігерлерге арнап бірқатар қайырымдылық концерттер ұйымдастырған болатын.

Жасап жатқан игі істеріміз басқа ұйымдарға үлгі болады деп шын сенеміз, себебі әрқайсымыз мұқтаж жандарға қол ұшын созып, барымызды салсақ, бірлесе түсеміз. Біз біргеміз! - деп қорытындылады театр еріктілері.   

 



Өзгелердің жаңалығы