Мадагаскар коронавирусқа қарсы тексерістен өтпеген дәріні таратып жатыр

12 Мамыр 2020, 04:27
1367
Бөлісу:
Мадагаскар коронавирусқа қарсы тексерістен өтпеген дәріні таратып жатыр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мадагаскар Африка елдеріне коронавирусқа қарсы жусаннан жасалған дәріні жеткізе бастады, деп хабарлады 24.kz.

Жергілікті биліктің айтуынша, "Ковид-19 органикс" деп аталған тониктен 2 адам жазылып шыққан. Бірақ Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы сұйықтықтың коронавирусқа қарсы тиімділігі әлі тексерілмегінін айтып, оның адамдарға кері әсер етуі мүмкін деп алаңдап отыр.

Мадагаскар билігі болса, бірнеше елге мыңдаған құты жөнелтіп үлгерген.

Айта кетейік, Мадагаскар бұған дейін біржылдық жусаннан безгекке қарсы "артемезин" дәрісін де дайындаған. Бірақ халықаралық ұйым бұл препараттың да ешқандай тиімділігі дәлелденбегенін айтады.


Өзгелердің жаңалығы