Маңғыстауда жол сапасына бақылау жүргізілді

30 Қазан 2019, 21:01
1823
Бөлісу:
Маңғыстауда жол сапасына бақылау жүргізілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Сапалы жол – Адалдық алаңы" жобасы аясында Маңғыстау облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің ұйымдастыруымен автомобиль жолдарын салуға және жөндеуге бөлінген бюджет қаражатының тиімді жұмсалуына кешенді мониторинг жұмыстары жүргізіліп келеді.

Осыған орай, 11 қыркүйек күні "Ата жолы" автожолына мониторинг жұмыстары жүргізіліп, салынған трасса бөлігінен сынамалар алынды (1-38 километр). Тексеру нәтижесінде жолдың тығыздық коэффиценті нормаларға сәйкес еместігі анықталды.

Осы тұрғыда аталған жолды салушы мердігер "Ақжол құрылыс" ЖШС тарапынан анықталған кемшіліктерге келіспеуіне байланысты Департаментпен және "Ұлттық жол активтері сапасы орталығы" РМК филиалының қатысуымен аталған жол сапасына қайта бақылау жүргізілді.

Жұмыс аясында мамандар асфальттан сынама алып, оның құрамын нормативік стандарттарына сәйкестігін арнайы зертханада тексеретін болады.         

Сонымен қатар, жолдың ені мен көлемі де назардан тыс қалмайды.

Өзгелердің жаңалығы