Маңғыстау облысындағы кейбір жолдар жаңартылады

25 Қыркүйек 2019, 22:50
1836
Бөлісу:
Маңғыстау облысындағы кейбір жолдар жаңартылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте Маңғыстау облысы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Болат Ережепов айтты.

«Маңғыстау облысының жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 2846,1 шақырымды құрайды. Оның ішінде, республикалық маңыздағы – 1049 км, облыстық және жергілікті маңыздағы – 1 797,1 шақырым. Облыста жолдың жақсы және қанағаттанарлық жағдайы 92 %-ды құрайды. Облыстық және жергілікті маңыздағы автомобиль жолдары бойынша – 410,3 шақырым, оның ішінде қайта құрылымдау жұмыстары – 191,5 шақырым, су өткізгіш құбырларын қайта құрылымдау – 19 дана, орташа жөндеу – 218,8 шақырым. Құны 27 015 млн. теңге»,-деді Б.Ережепов

«Ақтау-Қаламқас» және «Таушық-Шетпе» автомобиль жолындағы жасанды имараттарды қайта жаңарту 3 кезеңі бойынша 19 дананы құрап, құрылыс жұмыстары биыл аяқталады.

2017 жылы қайта жаңарту жұмыстары басталған «Ата жолы» тас жолының жұмыстары да аяқталуға жақын. Қазіргі таңда 39 шақырым аумағына асфальт төселіп, 12 шақырым аумағының жол негізі дайындалған. Құрылыс-монтаж жұмыстарының 90 %-ы орындалды.

«Жыңғылды-Шайыр-Шеркала мекені» және «Құрық-Порт-Құрық» автомобиль жолының да қайта жаңарту жұмыстары жыл аяғына дейін толық бітеді.

Сонымен қатар, «Ата жолы», «Шетпе-Қызан» және «МАЭК» су жинау каналынан Құрық теңіз портына дейінгі автомобиль жолын қайта жаңғырту жұмыстарыда жыл соңына дейін аяқталады.

«Ақтау-Қаламқас» 88-154 шақырым учаскесі автомобиль жолын орташа жөндеу жұмыстары, «Шетпе-Ұштаған» 6-60 шақырым учаскесі бойынша аудандық маңыздағы автомобиль жолын орташа жөндеу жұмыстары, «Тұщықұдық ауылына кіре беріс автокөлік жолдарын орташа жөндеу» 0-29 шм учаскесі бойынша аудандық маңыздағы автомобиль жолын орташа жөндеу жұмыстарын биыл аяқтау жоспарланған.

Өзгелердің жаңалығы