Мәулен Әшімбаев: Бұл мерекенің маңызы зор

1 Мамыр 2019, 10:06
1905
Бөлісу:
Мәулен Әшімбаев: Бұл мерекенің маңызы зор

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Nur Otan» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев өзінің әлеуметтік желідегі парақшасы арқылы барша Қазақстандықтарды бүгінгі 1 мамыр – Қазақстан хылқының бірлігі күнімен құттықтады.

«Баршаңызды Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

Қазіргідей әлемде ұлтаралық шиеленістердің ушыққан шағында Қазақстан 130 этникалық топтың мақсат-мүддесін бір арнаға тоғыстырып, әлемге өзара құрмет пен толеранттылықтың жарқын үлгісін көрсетіп отыр. Сондықтан бірлік пен берекенің, татулық пен тұрақтылықтың, бейбітшілік пен келісімнің символындай болған бұл мерекенің маңызы өте зор.

Жалпыхалықтық бірлікті ту еткен осынау мерекемен баршаңызды құттықтай отырып, дендеріңізге саулық, істеріңізге табыс тілеймін. Әрдайым осылай бірлігіміз жарасып, берекеміз арта берсін!», деп жазды «NurOtan» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары.

Өзгелердің жаңалығы