Мұқтаждық пен масылдықты ажырата білуіміз керек – Сапарбаев

6 Мамыр 2019, 12:16
1819
Бөлісу:
Мұқтаждық пен масылдықты ажырата білуіміз керек – Сапарбаев

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жергілікті билік өкілдерімен бірігіп, әрбір отбасының әлеуметтік картасын жасап жатыр.


«Сіздер білесіздер, көптеген ата-ана балаларға тегін тамақ, балабақшаға орналастыру, лагерге тегін апару, оқулық, киім алып беру және т.б. туралы жазады. Бұл жұмысты жергілікті билік өкілдіктерімен бірге әрі қарай жалғастырамыз. Министрлік осыны ай сайын талдап, қарап отырады. Бір нәрсе бар. Біз мұқтаждық пен масылдықты ажыраты білуіміз керек. Сондықтан жергілікті билік өкілдерімен бірігіп, әрбір отбасының әлеуметтік картасын жасап жатырмыз. 1 шілдеге дейін әлеуметтік карта бітеді. Соған қарап қосымша көмектер көрсетілетін болады», - деді еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Сапарбаев Үкімет үйіндегі еліміздегі жаңа әлеуметтік саясатқа байланысты аймақтарға жасалған сапар қорытындысы бойынша брифинг барысында. 

Оның айтуынша, елімізде кәсіпкерлер әлеуметтік жағынан қолдау көрсетуге атсалысып жатыр.

«Біздің кәсіпкерлер қолдау көрсетіп жатыр. Осы 4 айдың өзінде 3 млрд 700 млн теңгеге қолдау көрсетілді. Бұдан әрі жалғасын табады. Ең үлкен мәселе – осындай отбасыларды жұмыспен қамту, өзінің кәсіпкерлігін ашуға көмектесуіміз керек. Әсіресе, үйде отырған отбасыларға әлеуметтік жұмыс орындарын ашу жөнінде республикамызда жақсы-жақсы жобалар, бастамалар бар. Мысалға, Алматы облысында «Мұңайма» деген, Алматы қаласында «Бақытты отбасы», Қызылорда облысында «Бала мекен», Маңғыстау облысында «Үш күнде кәсіпкерлекті ашу». Осының барлығы, біріншіден, жұмыс орындарын ашуға көмектесу, екіншіден, оларға пәтер алуға көмек жасау. Грант бөлу, кәсібін ашуға Үкімет тарапынан көмек көрсетіледі. Грант мөлшері 1 адамға 505 мың теңге. Оны қосымша 10 мыңға көбейтеміз. Шағын несие мөлшері 500 мың теңгеден 6,5 млн теңгеге дейін. Егер ол үлкен жоба болса, 21 млн теңгеге дейін төленеді», - деді ведомство басшысы.


Өзгелердің жаңалығы