Мәнерлеп оқудан шығармашылық кеш өтті

17 Желтоқсан 2019, 09:44
4499
Бөлісу:
Мәнерлеп оқудан шығармашылық кеш өтті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы қалалық №4 кітапханада мемлекет және қоғам қайраткерлерінің қатысуымен 1986 жылғы Желтоқсан құрбандары Ләззат Асанова мен Сабира Мұхамеджанованың құрметіне қыздар арасында мәнерлеп оқудан шығармашылық кеш өтті.
 

Іс-шара Алматы қаласы әкімдігі мен қоғамдық даму басқармасының тапсырысы бойынша "Патриотттық рух – басты құндылық" жобасы аясында өтті. Іс-шараның мақсаты – аға ұрпақтың тәуелсіздік жолындағы ерлігін үлгі етіп, өз Отанын сүюге, еліне, халқына, қызмет етуге тәрбиелеу.

Шығармашылық кеш мектеп оқушылары мен колледж студенттері арасында мәнерлеп оқудан сайыс түрінде өтті. Байқауда жалпы саны 20-дан аса қатысушы өнер көрсетіп, бірі елімізге белгілі ақын-жазушылардың өлеңдерін мәнерлеп оқыса, енді бірі ақындық талаттарын көрсетіп, өз шығармашылықтарынан Желтоқсан оқиғасына арнауларын оқыды. Кеш барысы желтоқсан оқиғасын көзбен суреттегендей жалынды, ел рухын көтерер, Тәуелсіз елдің өткені мен бүгінін жырлайтын, отансүйгіштік өлеңдермен өрбіді. 

Шығармашылық кешке қонақ ретінде әдебиет және өнер қайраткерлері, желтоқсаншылар келді. Кеш қонақтарынан құралған қазылар алқасы қатысушыларды кәсіби шеберлігі мен оқылған өлеңінің жүрекке жеткізе білу өнеріне қарап бағалап, үздіктерді анықтады.

Иә, Желтоқсан көтерілісі ұлттық рухтың өлместігін жарқын түрде дәлелдеді. Еліміз қалай болғанда да сан ғасырлық қиын-қыстау жолдан, тар жол тайғақ кешуден өтіп, тәуелсіз елдер қауымдастығына қосылды. Желтоқсан негізі болған Тәуелсіздігіміз жайлы, айтар ән мен туындар шығармалар толастамақ емес, - дейді кеш ұйымдастырушысы Жағыл Әпетова. 

Байқау нәтижесі бойынша Сембек Дильназ бірінші орын, Сейілова Гүлжанат екінші орын және Орынбасар Айсұлу үшінші орынды иеленді. Сонымен қатар 4 үміткер ынталандыру сыйлығына, қатысушы барлық көркем сөз оқудың шеберлері бағалы сыйлықтармен және дипломдармен марапатталды.


Өзгелердің жаңалығы