Мүмкіндігі шектеулі жандарды жұмысқа алғандарға басымдық беріледі 

21 Тамыз 2020, 13:11
1606
Бөлісу:
Мүмкіндігі шектеулі жандарды жұмысқа алғандарға басымдық беріледі 

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Мемлекеттік сатып алуды мүмкіндігі шектеулі жандарды қолдаудың құралына айналдыру көзделген. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте Қаржы министрлігі мемлекеттік сатып алу заңнамасы департаментінің директоры Сәбит Ахметов айтты.

Оның айтуынша, мемлекеттік сатып алу ісі бюджеттік қаржыны игерудің құралы ретінде ғана емес, бизнесті салық төлеуге, сапалы қызмет көрсетуге ынталандырумен қатар, мүмкіндігі шектеулі жандарды қолдаудың бір құралы ретінде жетілдіру мүмкіндіктері қарастырылып жатыр.
Мемлекеттік сатып алу кезінде жұмысқа мүмкіндігі шектеулі жандарды тартқан компанияларға басымдық беру қарастырылуда. Мұндай қадам жекеменшік компаниялардың мүмкіндігі шектеулі жандарды еңбекке тартуға да ынталандырады. Еңбек етуге жарамды осындай жандар санатындағылардың жұмыспен қамтылу мәселесі де шешіледі, - деді департамент директоры.
Осыған дейін Сәбит Ахметов мемлекеттік сатып алу ісін жетілдіру кезінде енгізілген критерийлер кәсіпкерлерді салық төлеуге ынталандырғанын айқан болатын.

Өзгелердің жаңалығы