Мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған спартакиада өтеді

20 Қараша 2019, 19:01
2024
Бөлісу:
Мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған спартакиада өтеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтан қаласында тұңғыш рет мүмкіндігі шектеулі және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар мен жасөспірімдер арасында "Make it possible" спартакиадасы өткізіледі, деп хабарлады қала әкімдігінің ресми сайты.

Республикалық шара 22 қарашада  елордадағы Н.Назарбаев университетінің атлетикалық орталығында өтеді. Шараның салтанатты ашылу рәсіміне ҚР мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова мен қоғам қайраткерлері, спорт саңлақтары, еліміздің белгілі өнер жұлдыздары қатысады.

Барлық қатысушыларға бағалы сыйлықтар табысталады. Жарысқа Қазақстанның 12 өңірінен келген 250-ге жуық бала қатысады  деп күтілуде. Олар спорттың бес түрі, шағын футбол, армрестлинг, тоғызықұмалақ, асық ату, үстел теннисінде бақ сынайды.


Өзгелердің жаңалығы