Мөлдір Мекенбаева джиу-джитсудан әлем чемпионы атанды

22 Қараша 2019, 14:00
2884
Бөлісу:
Мөлдір Мекенбаева джиу-джитсудан әлем чемпионы атанды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Джиу-джитсудан Біріккен Араб Әмірліктерінің астанасы Әбу-Даби қаласында өткен әлем чемпионатында қазақстандық спортшы Мөлдір Мекенбаева қарсылас шақ келтірмеді, деп жазады Massaget.kz. 

Бұрымды қыз джиу-джитсудың "неваза" бөлімі бойынша сынға түсті. Халықаралық джиу-джитсу федерациясының (JJIF) рейтингінде көш басында тұрған Мөлдір Мекенбаева жарысты екінші айналымнан бастады. Алдымен канадалық, артынша швециялық қарсыласынан басым түсіп финалған өткен ол ресейлік тәжірибелі спортшымен күш сынасты. Ақтық кездесуде Мөлдір қарсыласын қылқындыру әдісімен жеңіп, алтыннан алқа тағынды.

 Спортшы ретінде тұғырда тұрып, қолыңды жүрегің қойып тұрып отаныңның әнұранын айтқанда қандай сезімде болатынымды сөзбен айтып жеткізе алмаймын. Ал алтын қандай еңбекпен келгенін ойласаң қуанышың еселене түседі.  Биылғы жыл жаңалықтарға толы болды. Көптеген жарыстар, теккен төріп, еткен еңбегімнің бәрі маған ерекше ләззат сыйлады. Мен өмірге ренжитіндердің қатарынан емеспін. Осы жолды таңдағаннан соң соңына дейін алған бетімнен қайтпай, істеп жатқан жұмысымның әркез жақсы жағын көруге тырысамын, - деп бөлісті әсерімен спортшы қыз.
Айта кету керек, жақында Мөлдір Мекенбаева джиу-джитсудан қоңыр белбеу иегері атанған болатын.

Өзгелердің жаңалығы