Мүгедек жандарға пойыз билеті 50% жеңілдікпен беріледі

24 Шілде 2020, 07:45
3406
Бөлісу:
Мүгедек жандарға пойыз билеті 50% жеңілдікпен беріледі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Жолаушылар тасымалы" АҚ мүгедек жандар үшін пойыз билетіне 50% жеңілдік жасайды.

Компанияның мәлімдеуінше, жол жүру құжатын онлайн рәсімдеу үшін жолаушы тіркеуден өтіп, "Жолаушылар тасымалы" АҚ-ның билет кассасынан "Мейірім" электронды дисконт картасын алуы және картаны іске қосу үшін тиісті символдарды теруі қажет.  

Айта кетейік, әзірге арнайы тіркеуден 300-ге жуық мүмкіндігі шектеулі жан өткен. Ал негізі әр түрлі топтағы және жасына қарай шектеу жоқ. Тек тиісті құжаттарымен теміржол кассасына барса жеткілікті.

Өзгелердің жаңалығы