Мәди Тәкиев Ұлттық экономика вице-министрі болып тағайындалды

12 Наурыз 2019, 18:20
2779
Бөлісу:
Мәди Тәкиев Ұлттық экономика вице-министрі болып тағайындалды

Астана, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Мәди Төкешұлы Тәкиев ҚР ұлттық экономика вице-министрі қызметіне тағайындалды, деп жазады primeminister.kz.

М. Тәкиев 1978 жылы Алматы облысында дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік басқару академиясын, Д. Қонаев атындағы университетті, сондай-ақ Халықаралық бизнес университетін тәмамдаған.

Еңбек жолын 1998 жылы бастаған. Түрлі жылдары Алматы қ., Алматы облысы бойынша Салық департаментінде жұмыс істеген.

2012–2013 жылдары — ҚР Қаржы министрлігінің Салық комитетінің басқарма басшысы.

2013–2014 жылдары — Ұлттық экономика министрлігінің салық және кеден саясаты департаментінің директоры қызметін атқарды.

2014 жылы ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің Әлеуметтік-экономикалық бөлімінің бас кеңесшісі болып жұмыс істеді.

2014 жылдан 2017 жыл аралығында Атырау облысының Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы қызметін атқарды.

2017 жылдан бастап — ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің Салықтық бақылау департаментінің директоры.

Өзгелердің жаңалығы