Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Ұстаздар үшін жағымды жаңалық. Енді олар zp.fvr.kz сілтемесі арқылы өз еңбекақыларын есептей алады, - делінген таратылған ақпаратта.
Cонымен қатар, педагог мамандар мына арнайы сілтеме бойынша топқа (чат) қосылып, еңбекақы есептеу мәселесі және құқығының бұзылуы жөніндегі сұрақтарды талқылай алады.