Мұғалімдер білім беру платформалары ұсынған контентті ғана пайдаланулары керек пе?

1 Қыркүйек 2020, 18:28
3614
Бөлісу:
Мұғалімдер білім беру платформалары ұсынған контентті ғана пайдаланулары керек пе?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. «Мұғалімдер білім беру платформалары ұсынған контентті ғана пайдаланулары керек пе? Әлде қосымша өздері бейнесабақтар түсіріп, оқушыларына ұсына ала ма?» деген сауалға онлайн брифинг кезінде ҚР Білім және ғылым вице-министрі Шолпан Қаринова жауап берді.

Вице-министрдің айтуынша, дәстүрлі оқу форматында жұмыс істегенде де мұғалімдер әр сабақты өздері жоспарлап, ұйымдастыратын.
Мұғалімдердің сабақ өткізуі – ол мұғалімнің жеке сыныппен жұмыс істейтін өзінің шығармашылық көзқарасымен қалыптастыратын оқу жоспарының негізінде өткізілетін болатын. Бұрын штаттық режимде жұмыс істегенде әр мұғалім сабағын өзі жоспарлап, оны күнделікті жоспарға түсіріп, сол арқылы сабақтарын жүргізетін. Сабақтың жоспарын жасау кезінде ең бастысы тақырыбы, оның мақсаты, көлемі және оқушылардың мүмкіншіліктеріне байланысты сабақта жоспар құру әр оқушыға жеке, топтық тапсырма жасау мұғалімнің жеке жұмысы болатын, - деді Қаринова.
Ол қазіргі форматта да осы жұмыс ары қарай жалғастырылатынын айтты. 
Мұғалімнің өзінің жұмысы басты назарда болуы керек. Өйткені мұғалім өз сыныбымен жұмыс істейді. Әр оқушының деңгейін, талабын біледі. Сондықтан бүгінгі уақытта қашықтан оқыту форматында да осы принципті әр мұғалім ұстануы тиіс. Интернет платформалардың ішінде өз сабақтарын жасап, оның ішіне орналастырып, видеоны пайдалануға, өзінің жасаған цифрлық тапсырмаларын ұсынуға да мүмкіншіліктер бар. Сонымен қатар интернет платформалардың ішінде оқу бағдарламаларына сай әр пән бойынша қосымша материалдар салынған. Оның ішінде цифрлық ресуртар да бар. Яғни оқыту тоқсанына арналған материалдар жеткілікті. Оны да қосымша материал ретінде пайдаланып, сабақты қызықты етіп оқушыларға жеткізу мұғалімдердің шығармашылық деңгейінде жасалатын жұмыстар, - деді вице-министр.

Өзгелердің жаңалығы