Ұлыбританияда ұлулар арасында әлем чемпионаты өтті

24 Шілде 2019, 05:50
4513
Бөлісу:
Ұлыбританияда ұлулар арасында әлем чемпионаты өтті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ұлыбританияның Норфолк графтығында ұлулар арасында әлем чемпионаты өтті, деп хабарлайды «Хабар 24».


Бастауын өткен ғасырдың ортасынан алатын бұл жарыс жыл сайын ұйымдастырылып келеді. Оған жүзден жүйрік деген ұлулар қатысады екен. Биылғы чемпионатқа қатысуға 250 ұлудың қожайыны ұсыныс білдіріпті. Сайыс ережесіне сай спортшы ұлулар қызыл сызыққа бірінші болып жетуі керек. Сырғанауға ыңғайлы болуы үшін матадан тігілген дастархан жайылып, үстіне су себіледі. Осылайша әлемдегі ең баяу қимылдайтын жәндіктің жарысы Сэмми есімді ұлудың жеңісімен аяқталды. Чемпион ұлу мәреге 2 минут 28 секундта жеткен.




Өзгелердің жаңалығы