Ұлыбританияда үкімет пен парламент арасындағы текетірес қайта жанданды

4 Қыркүйек 2019, 23:31
1438
Бөлісу:
Ұлыбританияда үкімет пен парламент арасындағы текетірес қайта жанданды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Демалыстан келген депутаттар министрлер кабинетінің парламенттің күн тәртібін анықтайтын құқығына шектеу қойды, деп хабарлайды 24.kz.  

Осылайша Қауымдар палатасы Еуроодақтан келісімсіз шығуды болдырмауға алғашқы қадам жасады. Енді парламент елдің ұйымнан келісімсіз шығуын шектейтін заңды талқылайды. Және де үкіметке брексит мерзімін тағы 3 айға созуды міндеттеуі мүмкін. 

Алайда премьер-министр Борис Джонсон парламенттің бұл әрекетіне үзілді-кесілді қарсы. Ол депутаттар үкіметтің одақтан келісімшартсыз шығу туралы ұсынысын қолдамаса, елде мерзімнен тыс сайлау өткізетінін мәлімдеді. 

Еске сала кетейік, Ұлыбритания Еуроодақтан қазанның 31-іне дейін шығуы тиіс.



Өзгелердің жаңалығы