Ұлыбритания жаһандық жылынумен күреске 14,5 млрд доллар бөледі

25 Қыркүйек 2019, 02:11
1425
Бөлісу:
Ұлыбритания жаһандық жылынумен күреске 14,5 млрд доллар бөледі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ұлыбритания алдағы 5 жыл ішінде климаттың өзгеруімен күреске 14,5 миллиард доллар бөлмек.

Бұл туралы БҰҰ штаб пәтеріндегі климат саммитінде сөз сөйлеу кезінде премьер-миинистр Борис Джонсон мәлімдеді.

Оның айтуынша, Корольдік осы сала бойынша басқа елдерге де белсенді түрде көмектесуді жоспарлап отыр. Яғни ең алдымен «жасыл» энергетика мен технологиялық шешімдерге қаржы құю көзделген.

Бұған қоса, Британия өзі құрған қорға 1 миллиард доллардай қаражат салмақ. Осылайша, әлем бойынша баламалы энергия көздерін табуды қолға алған ғалымдардың жобалары осы қордан қаржыландырылады. Ал сирек кездесетін жануарларды қорғауға Джонсон үкіметі 300 миллион доллардай қаржы қарастырыпты. Тағы 50 миллион доллар орман алқаптарын қорғауға жұмсалмақ екен.





Өзгелердің жаңалығы