Луврда Қазақстанның ұлттық көрмесі өтеді

27 Қазан 2023, 23:20
563
Бөлісу:
Луврда Қазақстанның ұлттық көрмесі өтеді
Фото: Архив, құжаттама және кітап ісі комитеті

2026 жылы Луврда Қазақстанның ұлттық көрмесі өтеді, деп хабарлайды BAQ.KZ Архив, құжаттама және кітап ісі комитетіне сілтеме жасап.

Бұл туралы бүгін Астанада өткен Мұражай қызметкерлерінің I конгресі барысында ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінің төрағасы Күміс Сейітова мәлімдеді.

Қазіргі заманғы мұражай туристерді тартуға және осы саладағы әлеуетті дамытуға арналған. Мұражайлар тек тарихи жәдігерлерді сақтау және жинаумен шектеліп қалмай, үлкен ғылыми орталық ретінде де қызмет етуі керек. Осыған байланысты, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Министрлік 2026 жылы әлемге әйгілі Лувр мұражайында Қазақстанның Ұлттық көрмесін ұйымдастыру жұмысын бастады. Қазіргі уақытта алдын ала келісімге қолжеткізілді. Луврда көрсетілетін Қазақстан Ұлттық павильонының тұжырымдамалық жобасы әзірленді, - деп атап өтті Күміс Сейітова.

Қазір министрлік Қазақстанның мәдени мұрасының ұлттық тізілімін жаңартуда, оған асық ойыны, тоғызқұмалақ, домбыра және т.б. сияқты қазақ халқының 47 ұлттық құндылықтары енгізілген.

Өзгелердің жаңалығы