Лукашенко долларға тәуелділікті азайтуға шақырды

4 Шілде 2024, 16:45
503
Бөлісу:
Лукашенко долларға тәуелділікті азайтуға шақырды
Фото: BAQ.KZ -архив

Беларусь Республикасының президенті Александр Лукашенко “ШЫҰ плюс” форматындағы кездесуде долларға тәуелділікті азайтуға шақырды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Александр Лукашенко қаржыдан бастап ШЫҰ-ның барлық жан-жақты күн тәртібі бойынша практикалық өзара іс-қимылды күшейтуді ұсынды.

Беларусь ұлттық валютадағы екіжақты төлемдер механизмін және ШЫҰ ұжымдық қаржы институтын құруды басым мәселе ретінде қарастырады. Біздің ұйымызда ғана екі алып көшбасшы – Қытай мен Ресей Федерациясы бар. Бірақ барлығымыз доллардың алдында дірілдейміз. осы долларға азырақ тәуелді болу үшін белгілі бір қадамдар жасайық. Сонда “доллар таяғымен” айла-шарғы жасап жатқандар қорқып, мұның жалғаса бермейтінін түсінетінін көресіз. Біз мұның бәрін көріп отырмыз, бірақ оны жасамай отырмыз. Ал адамдар күтіп отыр, - деді Беларусь басшысы.

Бұған дейін Беларусь президенті ШЫҰ-ның толық мүшесі болғанына қатысты ойын айтқан болатын.

Өзгелердің жаңалығы