Бұл жерде бір-бірін тыңдайды және естиді – Лукашенко ШЫҰ туралы

4 Шілде 2024, 16:14
465
Бөлісу:
Бұл жерде бір-бірін тыңдайды және естиді – Лукашенко ШЫҰ туралы
Фото: Ақорда

Мұндай пікірді Беларусь Республикасының президенті Александр Лукашенко “ШЫҰ плюс” форматындағы кездесуде айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Александр Лукашенко халқының атынан ШЫҰ-ға қосылуға жәрдем бергеніне әріптеріне алғыс айтты.

Біз үшін бұл салмақты және саналы қадам. Біз ШЫҰ-ның әлемдік саясаттағы рөлінің жыл сайын қалай артып келе жатқанын көріп отырмыз. Бұл жерде бір-бірін тыңдайды және естиді. Ұйымға әлемдік деңгейдегі көшбасшылар кірсе де, олар өз еріктерін білдірмейді. Бірлестігіміздің әлемдегі салмағы мен беделі ұдайы арта түсуі үшін қолдан келгеннің бәрін жасайтынымызға сендіремін, - деді Лукашенко саммитте.

Өзгелердің жаңалығы