Лудомания – қоғам дерті. Күресу жолдары қандай?

17 Ақпан 2024, 16:35
1102
Бөлісу:
Лудомания – қоғам дерті. Күресу жолдары қандай?
Фото: polisia.kz

Лудомания ХХІ ғасыр дертіне айналды. Елімізде ойынқұмарлықтың белең алғаны соншалық, ұлттық деңгейдегі мәселеге айналып шыға келді. Бұл туралы қоғам белсенділері дабыл қағып, шешу жолдарын шұғыл қарастыру қажеттілігін алға тартып келеді. Заңнамаға өзгерту енгізіп, букмекерлік кеңселердің жарнамаларына тыйым салу жағы тағы бар. Ұлт болашағына қауіп төндіретін проблеманы шешу жолдары қандай болуы керек? Бұл сұрақтарды BAQ.KZ агенттігінің тілшісі мамандарға қойып, ойларын тыңдады. Ойнқұмарлықтан сан соғып қалған азаматтармен де тілдесті.

30 жастағы Марат (есімі өзгертілді) – лудоман. Қазіргі уақытта Павлодар қаласындағы №45 түзеу мекемесінде жазасын өтеп жатыр. Жас жігіттің жоғары білімі, тұрақты жұмысы мен жарқын болашаққа деген сенімі де болған. Бұның бәрі осы ойынқұмарлықтың салдарынан бір сәтте-ақ күлге айналды.

Марат 2013 жылы жоғары оқу орнын тәмамдап, техника құралдары сатылатын дүкенге жұмысқа орналасты. Күндердің күнінде спорттық ойындарға ақша салып, оңай олжа тапқысы келіпті.

Жалақы ала бастаған соң ойынқұмарлыққа салындым. Итернетте ойнадым. Бірақ, ақша жетпеді. Мен дүкендегі тауарды кассадан тыс сатып, сол қаржыны жұмсай бастадым. Тексеріс келгенше сол тауарды сатып алып, орнына жаңасын қойып жүрдім. Бұл айлам бірнеше жыл бойы іске асты. Бір күні ревизия ескертусіз келіп, 15 теледидардың жоқтығын анықтады. Осылайша, ойыннан от шықты. Қылмыстық іс қозғалып, алаяқ болып шыға келдім, - дейді жазасын өтеуші.

Бұл аздай, Мараттың мойнында бірнеше несие болды. Азамат, тіпті, 7 миллион теңгенің несиесін қорықпай алып, бір тиынға дейін букмекерлік кеңселердің ойындарына құйған.

Тергеу изоляторына түскен кезде лудоманияға шалдыққанымды түсіндім. Қарызға белшеден баттым. Банктік есепшоттарымның барлығы бұғатталды. Ең үлкен ставкамның құны 2,5 миллион теңге болды. Бір тиын да ұта алмадым. Ақшам желге ұшты, - дейді сотталушы.

Түзеу мекемесі бастығының орынбасары Арман Жүсіповтің айтуынша, Марат алаяқтық дерегі бойынша істі болып, үш жылдық мерзімге бас бостандығынан айырылды.

Әзірге сол жазаның жарты жылын өтеп шықты. Қазіргі уақытта қолданбалы өнер секциясының белсенді мүшесі. Мінез-құлқы жақсы. Марат ерекше назарымызда. Психологтің көмегіне жүгініп жүр Сот үкіміне сәйкес 5 миллион теңге қарызы бар. Біртіндеп төлеп жатыр, - дейді Арман Жүсіпов.

Сотталушы ойынқұмарлықтың кесірінен дос-жараң, туған-туыс дегенді ұмытты. Зайыбы екі баласын жетектеп, айырысып кеткен.

Бостандықта анам ғана бар. Ол мені күтіп жүр. Темір тордың ар жағында көп нәрсені түсіндім. Егер жақындарыңыз телефонға телміріп, смартфонға тәуелді болса, назар аударған жөн. Ол ойнап жүрген болуы мүмкін. Лудоманияның шырмауына ілігу оп-оңай. Өзім, міне, ойынға салынып, 10 миллион теңгені жоқ қылдым, - дейді Марат.

Ресми мәліметтерге сүйенсек, елімізде лудоманияға шалдыққан адамдардың саны жыл сайын көбейіп келеді. Бүгінде 300 мыңнан астам қазақстандық осы дерттің құрбанына айналған. Елімізде ойынқұмарлықты емдеу кепілдендірілген тегін медициналық көмек көрсету жүйесі шеңберінде жүргізіледі. Лудоманиядан айыққысы келген азаматтар оңалту бағдарламасынан өтіп, амбулаториялық ем қабылдай алады. Дегемен, наркологтардың көмегіне өз бетінше жүгінетіндер тым аз. Бұл үрдістің де өз себебі бар. Лудомаия психикалық ауықтушылыққа жататындықтан, ем іздеп келген азаматтар диспансерлік есепке қойылудан қорқып жатады. Сарапшылардың пікірінше, нарколог-дәрігердің есебіне қою ережесі алынып тасталса, өз еркімен ем шараларын өтуге келетіндер саны артуы мүмкін. Арамызда ауруын жасырып жүргендер тым көп.

Өңірдегі психикалық денсаулық орталығына жыл сайын лудоманияға шалдыққан 20-дан астам адам ем қабылдайды. Бұл тек құмар ойынға шалдыққандар. Мамандардың айтуынша, дерт әбден ушыққан кезде ғана байқалады. Құрғақ статистиканың болуы да сондықтан.

Бұл ретте ерте диагностикалау маңызды. Бірінші кезекте ойынқұмардың жақындары мен достары бейжай қарамай, шұғыл дабыл қағу керек. Өйткені, ойынққмарлық алкоголизация, есірткіге тәуелділік сияқты өзге де ауруларғы әкеп соқтырады.

Психиатр-нарколог, медицина ғылымдарының кандидаты Гүлмира Сәдуақасованың айтуынша, ойынға тәуелділік патологиялық емдеуді қажет ететін диагнозға тепе-тең.

Павлодар қаласында осы санатқа жататын пациенттерге медициналық-әлеуметтік оңалтудан өтеді. Қызмет тегін. Сонымен қатар, біз құпиялылық қағидатын сақтаймыз. Олар екі айдан бір жылға дейі ем қабылдай алады. Десе де, осы пациенттерден бөлек құмар ойындарға салыа бастағандар да назарда болуы керек. Адам ауруға шалдыққанын түсінбесе де, оның бойында дерттің белгілері байқалуы мүмкін. Осындай жағдайда диагностикадан өткен жөн, - дейді дәрігер.

Сарапшының айтуынша, қазіргі уақытта елімізде лудомания мен оның салдарымен күрес жөніндегі кешенді жоспар әзірленіп жатыр.

Денсаулық сақтау министрдігі тарапынан бірқатар ұсыныс жасалды. Бірішіден, диагномтика жасау және аурудың қауіп-қатерін бағалау. Сәйкесінше, кейін ем бойынша нақты шешім шығару. Жұмыстың тағы бір маңызды бағыты – жастармен жұмыс жасау. Медицина ұйымдары білім беру жүйесімен қоян-қолдық жұмыс істеу керек. Яғни, алдын алу жұмыстарын күшейту. Осы күнге дейін кешенді бағдарлама бойынша ұсыныс-тілектер айтылды, - дейді Гүлмира Сәдуақасова.

Дәрігердің пайымдауынша, кешенді жоспарды әзірлеуде мамандардың ғана емес, осы дертпен күресіп жүрген азаматтардың пікірін ескеру аса маңызды.

Пациеттеріміз көше, қоғамдық көлік пен өзге жерлерде көп кездесетін жарнамаларға қарсы. Букмерекерлік кеңселер туралы ақпаратты көрген жандар қайтадан ойынқұмарлыққа ілігуі әбден мүмкін. Екінші фактор – букмекерлер, ломбардтар мен ғаламтордағы ойын сайттарының қолжетімділігі. Пациенттер осы мәселелерді бақылауға алу керектігін алға тартады, - дейді сарапшы.

Лудоманияның ерекшелігі сол, бұл дертке шалдыққандарды мәжбүрлеп емдеу жүйесі жоқ. Елімізде тек ішімдік пен есірткіге құмар азаматтар ғана күштеп ем қабылдайды. Оның өзі тек соттың шешімімен жүзеге асырылады.

Лудомания мәселесі еліміздегі ажырасулардың көбеюіне де сеп. Ресми мәліметтерге сүйенсек, некелердің 40%-ы осы құмар ойындардың салдарынан бұзылады екен. Ұлттық статистика бюросы таратқан ақпаратқа сәйкес, ойынқұмарлық отбасылардың берекесін қашыру бойынша төртінші орында.

Бұл дертпен күресу жолдарының бірі – заңама бекіту. Бір сөзбен айтқанда, қылмыстық және әкімшілік жаза тағайындау керек. Өкінішке қарай, заң жобасы әлі күнге дейін, яғни 1,5 жыл бойы депутаттардың қарауында жатыр. Қатаң тәртіп пен ереже енгізілген күнде лудоманияның тамырына балта шабуға бола ма? Қорытынды шығару тым ерте. Бұл – болашақтың ешісінде.

Өзгелердің жаңалығы