Ұлттық саябақта от жаққандарға айыппұл салынады

16 Маусым 2020, 15:02
1494
Бөлісу:
Ұлттық саябақта от жаққандарға айыппұл салынады

Алматы, BAQ.KZ.  Ұлттық саябақта от жаққандарға 200 мың теңгеден астам айыппұл салынуы мүмкін. Бұл туралы Алматы қаласы ТЖД баспасөз қызметі хабарлады.

Күннің  қатты ысуына байланысты таулы орманды аймақтарда өрт қаупі сақталуда. Карантин кезеңінде отты дұрыс пайдаланбағандықтан 200-ден астам  қураған шөптердің өртенуі тіркелді. Осыған байланысты, Төтенше жағдайлар, Табиғатты қорғау полициясы және Іле Алатауы ұлттық паркінің инспекторларымен патрульдеу жұмыстары күшейтілді. Кезекшіліктегі патрульдердің атты және жаяу екі түріне қосымша еріктілер де көмектесуде,-делінген хабарламада.

Өткен демалыс күндері Бостандық аудандық Төтенше жағдайлар бөлімінің инспекторлары Іле-Алатау ұлттық табиғи паркінің қызметкерлерімен бірлесіп патрульдеу жүргізген кезде саябақта от жағу фактісі анықтаған.  1966 жылы туған В. есімді азамат  от жағуға тыйым салынған орынға самаурын қайнатып ыстық тамақ пісіру үшін ағашты жаққан.

бейк1.jpeg
ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 367–бабының 3-тармағында көзделген ормандардағы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтардағы өрт қауіпсіздігі мен санитарлық ережелерді бұзғаны үшін жеке тұлғаларға жүз айлық есептік көрсеткіш (277800тг), лауазымды адамдарға, шағын бизнес субъектілеріне 250 АЕК мөлшерінде, орта кәсіпорындар үшін - 400 АЕК, ірі кәсіпкерлік субъектілері үшін - бір мың бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынады,-делінген хабарламада.

Азамат В. өзінің заң бұзғандығын мойындағанына байланысты, Іле-Алатау ұлттық паркінің жедел топ инспекторымен хаттама толтырылып, өндірісті қысқарту тәртібімен айыппұл салған. Тәртіп бұзушы айыппұлды 7 күннің ішінде барлық соманың жартысын 50 АЕК - 277 мың 800 теңгенің орнына 138 мың 900 теңге төлейтін болады.  Осындай заң бұзушылықтармен Медеу ауданының Медеу табиғи саябағында және Наурызбай ауданының Ақсай шатқалында от жағуға әрекет еткен ондаған тұрғын әкімшілік жауапкершілікке тартылыпты.

Өз кезегінде "Іле - Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи паркі" аумағында демалған тұрғындарға саябақ аумағында қоқыстарды жағуға және от жағуға тыйым салынғандығы туралы ақпарат беріліп отырады. Орман өрттері өрттің  қаупін ескермеу салдарынан басталады. Сөндірілмеген темекі,  лақтырылған бос шыны ыдыстар  мен толық өшірілмеген оттан  өрт оқиғасы орын алады.

бейк2.jpeg
Сонымен, 2020 жылы патрульдеу басталғаннан бері 57 от пен ашық оттың тұтануы тоқтатылды, Табиғатты қорғау полициясымен 138 мың 900 теңге сомаға 23 әкімшілік материал толтырылды, тау бөктеріндегі өрт қауіпсіздігі шараларын сақтау туралы 1765  жадынама таратылды,-делінген хабарламада. 

Осыған байланысты, Өрт қауіпсіздігі ережелерінің талаптарын бұзғаны үшін,  материалдық залал келтіруге байланысты, ҚР ӘКҚК және ҚР ҚК сәйкес әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.

Арнайы жабдықталған орындар (орындықтар, үстел, тамақ пісіруге арналған арнайы бетондалған алаң) Алма Арасан, үлкен Алматы мен Казачка өзендерінің бойында орналасқан, ал шыршалар жанында от жағуға қатаң  тыйым салынады.



Өзгелердің жаңалығы