Ұлттық банк жаңа коллекциялық монеталарды айналымға шығарды
21 Тамыз 2020, 14:50 1075

Ұлттық банк жаңа коллекциялық монеталарды айналымға шығарды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі мельхиор қоспасынан номиналы 200 теңгелік және нейзильбер қоспасынан номиналы 100 теңгелік "QAZAQSTAN HALQY ASSAMBLEIASY" коллекциялық монеталарын айналымға шығарады. Монеталарды шығару Қазақстан халқы Ассамблеясың 25 жылдығына орайластырылған, деп жазды zakon.kz.

Монеталардың бет жағында (аверсінде) орталық бөлігінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік елтаңбасы бейнеленген. Сол және оң жағында - ұлттық ою-өрнек элементтері. Нейзильберден жасалған монетаның төменгі бөлігінде номиналын білдіретін "100 TEŃGE" жазуы бар, ал мельхиордан жасалған монетаның астында «200 TEŃGE» жазуы орналасқан. Айналдыра "QAZAQSTAN ULTTYQ BANKI • NATIONAL BANK OF KAZAKHSTAN" деген жазбалар бар.

Монеталардың сыртқы жағында (реверсінде) күн сәулесінің аясында оқиғаның мерейтойлық күнін білдіретін "25" жазуы бар ою-өрнек картасы орналасқан. Кескіннің астында құрылған жылын білдіретін және бір мезгілде соғылған жылы мен мерейтой күнін білдіретін "1995•2020" деген жазу бар. 

Төменгі бөлігінде – мемлекеттік ту элементі. Айналдыра "QAZAQSTAN HALQY ASSAMBLEIASY" және "АССАМБЛЕЯ НАРОДА КАЗАХСТАНА" деген жазбалар бар.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...