Ұлттық банк теңге бағамы серпінінің болжамын арттыруды күшейтеді

26 Наурыз 2019, 09:47
1435
Бөлісу:
Ұлттық банк теңге бағамы серпінінің болжамын арттыруды күшейтеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгінгі үкімет отырысында Қазақстан Ұлттық банкі төрағасы Ерболат Досаев Үкімет пен Ұлттық банк арасындағы 2019 жылға арналған макроэкономикалық саясат шараларын үйлестіру туралы келісім жобасын енгізді.

«Тиімді ақшалай-несиелік саясат жүргізу бойынша міндеттер мен инфляцияны бақылау бойынша шараларды жүзеге асыру үшін Қазақстан Ұлттық банкі төменгі инфляцияны ұстап тұру, сондай-ақ елдің экономикалық дамуы мен халықтың өмір сүру деңгейін тұрақты ұстап тұру басымдығымен инфляциялық таргеттеу режимін сақтап қалады», - деді Досаев.

Ол 2021 жылға дейін инфляция дәлізі 4-6% деңгейінде сақтау, ал 2020 жылдан бастап, оны 3-5%-ға дейін төмендету ұсынылып отырғанын айтты.

«Қазақстан Ұлттық банкі нақты көріністі 3-3,5% шегіндегі негізгі мөлшерлеме деңгейін ұстап тұруға барынша талпынады. Инфляцияның белгіленген мақсатты дәліз шегінен асып кетуі қаупі күшейген жағдайда, ақшалай-несиелік саясат қатаңдатылуы мүмкін», - деді банк төрағасы.

Досаев валюталық нарық тұрақтылығын қамтамасыз ету бойынша міндеттерге де тоқталды.

«Ұлттық банк теңге бағамы серпінінің болжамын арттыру міндетін алға қойып отыр. Валюталық сауда-саттыққа араласпау саясатын сақтай отырып, Ұлттық банк икемді өктемділік жасау құқығын өзіне қалдырды. Шетел валютасын сатып алу немесе сату бойынша жоспарланған операциялар туралы ақпараттың жүйелілігі мен айқындылығы валюта нарығына тұрақтылық береді. Институционалдық инвесторлар нарығын, жедел және жинақ депозиттерін дамытуға, банкаралық нарықта және бағалы қағаздар нарығындағы нарықтық индекстер мен көрсеткіштерді қалыптастыруға ерекше назар аударылмақ. Баға белгілеудің тиімділігін арттыру үшін банкаралық нарықта және бағалы қағаздар нарығында нарықтық индекстер мен индикаторларды қалыптастыру қамтамасыз етіледі», - деді Досаев.

Ақмарал Шағатай

Фото: total.kz 

Өзгелердің жаңалығы