Ұлттық аза тұту күні – қоғамға жағдайдың маңыздылығын сезіну қажеттілігі туралы қуатты сигнал – сарапшы

9 Шілде 2020, 21:29
1141
Бөлісу:
Ұлттық аза тұту күні – қоғамға жағдайдың маңыздылығын сезіну қажеттілігі туралы қуатты сигнал – сарапшы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Кеше ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев республикалық телеарналардан үндеуі жасаған болатын.

Осыған орай Нұрсұлтан Назарбаев қоры жанындағы жаһандық  экономика және саясат институтының сарапшысы Айман Жүсіпова пікір білдірген еді.
8 шілде күні Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өте өткір сипатқа ие болған коронавирустың айналасындағы жағдайға байланысты Қазақстан халқына теледидарлық үндеу жолдады. Бірден атап өткен жөн, дәл осыған ұқсас және тіпті әлдеқайда сыни жағдай әлемнің көптеген, тіпті дамыған елдерінде де байқалады. Бүгінде әлемде сырқаттанғандар саны 12 млн адамға жетті, құрбан болғандар саны жарты миллионнан асып кетті, - деді ол.
Сарапшы президент пандемия басталғаннан бері оның таралуын шектеу мақсатында батыл, қатаң шаралар енгізу туралы шешімнің дұрыстығын атап өткенін айтты.  
Дегенмен, бүгінгі күні Қазақстан іс жүзінде пневмония ауруының күрт өсуімен қатар, коронавирустың екінші толқынымен бетпе-бет келіп отыр. Қазіргі жағдайға карантин шаралары алынып тасталғаннан кейін салғырттық танытқан мемлекеттік басқару органдары мен халықтың өзі кінәлі деген президентпен келіспеу мүмкін емес. Президент жағдайды тұрақтандырудың алғашқы белгілерін беретін бүкіл ел бойынша жаңа екі апталық карантин енгізу туралы мемлекеттік комиссия қабылдаған шешімнің дұрыстығын атап өтті. Мемлекет басшысы эпидемияға қарсы күресте мемлекеттің қандай нақты қадамдарды жүзеге асыратынын егжей-тегжейлі көрсетті. Дәл осы мәселелер ел азаматтарын толғандырып, үрей туғызып, билік тарапынан әрекетсіздік сезімдерін тудырды, - деді ол.

Айман Жүсіпова президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жағдай ерекше бақылауда екенін, азаматтарды осы қиын жағдайда тұрақтылық пен тыныштықты сақтауға шақырғанын ерекше атап өтті.

Бұл тұрғыда президенттің 13 шілдені пандемия құрбаны болған қазақстандықтарды Ұлттық аза тұту күні деп жариялау шешімі толық ақталған шешім деуге болады. Бұл қадам қоғамға жағдайдың маңыздылығын тағы бір рет сезіну қажеттілігі туралы қуатты сигнал жіберуге, ортақ қауіп-қатердің алдында беріктік пен бірлік танытуға мүмкіндік береді, - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы