Лондон металдар биржасы никель саудасын тоқтатты

9 Наурыз 2022, 10:53
1292
Бөлісу:
Лондон металдар биржасы никель саудасын тоқтатты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Лондон металдар биржасы никель сатуды тоқтатты. Өйткені небәрі бірнеше сағатта бағасы 3 есе қымбаттап, 1 тоннасы шамамен 100 мың долларға жеткен, деп жазды Хабар24.

Бұл рекордтық көрсеткіш. Блумберг басылымының хабарлауынша, мұндай жағдай бірінші кезекте Ресейге салынған санкцияларға байланысты. 

Қазір инвесторлар дефициттен қауіптенеді. Осыған байланысты трэйдерлер осындай баға арқылы металл тасымалына енгізілуі мүмкін шектеулерді де ескеріп отыр.
 

Өзгелердің жаңалығы