Ливанның Денсаулық сақтау министрлігінің соңғы мәліметтері бойынша, Израиль шабуылдары басталғаннан бері Ливанда 1039 адам қаза тауып, 2876 адам жарақат алды. Олардың 90-ы соңғы 24 сағат ішінде зардап шеккен, деп хабарлайды BAQ.KZ ВВС-ге сілтеме жасап.
Министрлік мәліметі жексенбіде Израиль әскери күштері "Хезболлаға" қарсы жер үсті және әуе шабуылдарын кеңейту жоспарын мақұлдағаннан кейін жарияланды. Израиль шенеуніктері бұл операцияның мақсатын елдің солтүстігіндегі тұрғындарды "Хезболла" шабуылынан қорғау деп түсіндірді.
Алайда Франция, Ұлыбритания және Германия лидерлерінің бірлескен мәлімдемесінде Израильдің жердегі ауқымды шабуылы Ливанда "жойқын гуманитарлық зардаптарға" әкелуі мүмкін екені ескертілді.