Қызылорда облысының әкімі тағайындалды

Мемлекет басшысының Жарлығы жарияланды.

Бүгiн 2026, 10:16
АВТОР
 gov.kz Бүгiн 2026, 10:16
Бүгiн 2026, 10:16
725
Фото: gov.kz

Мемлекет басшысының Жарлығымен Мұрат Нәлқожаұлы Ергешбаев Қызылорда облысының әкімі лауазымына тағайындалды. Ол бұрын Сырдария ауданының (2021-2023) және Қызылорда қаласының (2008-2010) әкімі болғанын айта кетейік.

Еңбек жолы:

1989-1990 – Сырдария ауданы Жамбыл ауылының, экономисі.

1990-1993 – Сырдария ауданының өнеркәсіптік бірлестігі-экономист, бөлім бастығы.

1993-1996 – "Әлем Банк Қазақстан" АҚ, Кредит маманы, кредит бөлімінің бастығы, басқарма бастығының орынбасары.

1996-1997 – Қызылорда облысы әкімі орынбасарының кеңесшісі.

1997-1998 – Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік қызмет академиясында оқу.

1998-2001 – Халық Банкінің Қызылорда облыстық филиалының директоры.

2002-2004 – Қызылорда облысының еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасы бастығының орынбасары.

2004-2006 – Қызылорда қаласының қаржы бөлімінің бастығы.

2006-2008 – ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің "Өрт сөндіруші" АҚ, Экономика және қаржы жөніндегі Вице-президенті.

2008-2010 – Қызылорда қаласының әкімі.

2010-2011 – Қызылорда облысының қаржы басқармасының бастығы.

2011-2013 – Қызылорда облысы Қармақшы ауданының әкімі.

2013-2014 – Қызылорда облысы Шиелі ауданының әкімі.

2014-2015 – ҚР Ұлттық экономика министрлігі Тұтынушылар құқықтарын қорғау комитетінің Алматы қаласы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті басшысының орынбасары.

2015-2017 – "ҚазАгроӨнім" АҚ Аппарат басшысы.

2017-2017 – Қызылорда облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы.

2017-2021 – Қызылорда облысы Қазалы ауданының әкімі.

2021-2023 – Қызылорда облысы Сырдария ауданының әкімі.

2023-2026 – Мәжіліс депутаты.

Бұған дейін өңірді Нұрлыбек Нәлібаев басқарған еді. Ол премьер-министрдің бірінші орынбасары қызметіне ауысты.

Наверх