Ливанда Бейруттағы жарылыстан кейінгі жағдайды қалпына келтіруге қаражат жоқ

6 Тамыз 2020, 17:02
1558
Бөлісу:
Ливанда Бейруттағы жарылыстан кейінгі жағдайды қалпына келтіруге қаражат жоқ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ел билігі төтенше жағдайдың салдарын қалпына келтіру үшін халықаралық қауымдастықтан қаржылық көмек сұрайды.

Ливанда Бейруттағы жарылыстан кейінгі жағдайды қалпына келтіруге жеткілікті қаражат жоқ. Бұл туралы 6 тамызда елдің экономика және сауда министрі Рауль Нехме мәлімдеді деп хабарлайды Sky News Arabia.
Ливанның жарылыстың салдарын еңсеру үшін қаржылық мүмкіндігі жоқ. Біз халықаралық қоғамдастықтан көмек сұраймыз. Жарылыстан келтірілген шығын миллиардтаған долларға бағаланып отыр. Бізге келтірілген барлық зиянды бағалау үшін әлі де уақыт қажет, - деді Нехме.

Ол  сөзін "Ливан үшін жалғыз шешім-Халықаралық валюта қорымен ынтымақтастық" деп толықтырды.

Биліктің соңғы бағалауы бойынша Бейрутқа келтірілген шығын 15 миллиард долларға жетуі мүмкін.

300 мың адам Бейруттағы жарылыс салдарынан қираған үйлерін тастап кетуге мәжбүр болды.

Қазіргі уақытта жарылыс салдарынан 137 адам қаза тапқаны белгілі. 5000-нан астам адам жарақат алды.
Өзгелердің жаңалығы